Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚПО компаниясы Қазақстандық кәсіпорындармен жұмыс жасайды

c 15:45, 23/05/2019 c 938

0:00 / 0:00

Еліміздегі шетелдік ірі компаниялар жергілікті бизнестің дамуына ықпал етуі керек.Әсіресе шетелдік компаниялар арасында жергілікті қамтуды дамыту ісі өзекті.Бұл ретте БҚО Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг ( ҚПО) компаниясы көш бастап тұр.Бүгінде ҚПО жергілікті қамту бойынша 60 пайызға жеткен.Бұл туралы ҚПО-ның бас ғимаратында өткен семинар барысында компанияның бас директоры Блом Эдвин мәлімдеді.

Мұнай газ өнеркәсібіне арналған машина жасау шеңберінде жергілікті қамтуды дамыту тақырыбындағы семинар отырысына төрт көз түгел жиналды.Алдымен сөз алған КПО  компаниясының бас директоры Блом Эдвин ҚПО компаниясы соңғы үш жылда жергілікті қамту ісін алға дамытқаның айтты.Соның нәтижесінде 48 пайыздан 60 пайызға артқан.Бұл деген сөз тауар айналымында, құрылыс, жобалау саласында жергілікті мамандармен тапсырыстардың көлемі артып келеді деген сөз.Бәрін шет елден таси бермей өзімізде барды қолдау ісіне ірі компаниялар ат салысу керек.
ҚПО компаниясы соңғы жылдары Қазақстан аумағында 186 милярд теңгеге 29 түрлі қызмет түрін пайдаланған.Ал, бұрындары осы қызмет түрлерін шетелдік компаниялармен жасап жүріпті.БҚО тұрақты жағдай мен бизнеске беріліп отырған мүмкіндік инвесторлардың жұмыс жасауына толық мүмкіндік береді деді БҚО әкімі Алтай Көлгінов.
Жиын барысында шетелдік ірі компаниялар өздеріне қажетті дүниелерді Қазақстандық компанияларға тапсырыс беріп жасатуы керек . Бүгінде ҚПО компаниясынан Батыс Қазақстан машина жаса компаниясы, Зенит зауыты,Орал механикалық зауыты  тапсырыс алған. Бірақ бұл салада әлі де дамытуды қажет ететін жұмыстар бар деді жиынға қатысқандар.
Жиын соңында ҚПО компаниясы бірнеше компаниямен жергілікті қамтуды дамыту бойынша келісімшартқа қол қойды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.