Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

КОВИДТІҢ ТАРАЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ШЕКТЕУЛЕР БОЛМАЙДЫ

c 10:26, 05/12/2022 c 1717

0:00 / 0:00

Коронавирустың жаңа штамы - «цербердің» таралуы елде карантиндік шектеулер енгізуге негіз емес. Денсаулық сақтау министрлігі қазір Қазақстанда анықталған коронавирустың жаңа штамы- омикронның бір түрі және ол жеңіл өтеді деп хабарлап отыр. Дегенмен, министрлік басшылары ковидке қарсы вакцина, ревакцина алуға кеңес береді. Ол үшін елімізде QazVac, Sinopharm және Pfizer-дің 700 дозасы бар.

Соңғы екі жылда коронавируспен күрес жүріп жатыр. қауіпті індеттің беті қайтқанымен, жаңа штамдары пайда болып, елеңдетіп отыр. Тұмаудың өршитін уақытында бұл індет те жандана бастады. Қазір қазір Қазақстанда анықталған коронавирустың жаңа штамы омикронның бір түрі және ол жеңіл өтеді деп хабарлап отыр денсаулық сақтау министрлігі. Бас санитарлық дәрігредің айтуынша, цербер – «омикронның» бір түрі. Жалпы, таралған вирустартың арасында «цербердің» үлесі 0,5 пайызды құрайды. Науқастанғандар арасында бұл вирус штамын жеңіл өтеді дейді Есмағамбетова.

Қазіргі таңда ауруханаларда 100 науқас жатыр. Бұлар негізінен егде жастағы, екпе алмаған науқастар. 10 науқас ауыр халде. Ал бұл вирустан қорғалу үшін дәрігерлер вакцина жасауға кеңес береді. Ол үшін елімізде QazVac, Sinopharm және Pfizer-дің 700 дозасы бар. Қазақстандық медицина осыған дейні кеңінне қолданылған ресейлік Спутник –V вакцинасынан бас тартқан сияқты. Вице-министр отандық екпеміз жеткілікті деп отыр.

Ал жаңа штамның таралуына қатысты шектеулер енгізілмейді. Елмізідің бас дәрігері Ажар Ғинияттың мәліметінше, Қазақстанда 10 миллионнан астам адам вакцина салдырған, бес миллионнан астам адамға қайта вакцинациялау жүргізілген. Ұжымдық иммунитет қалыптасқандықтан омикронды адамдар жеңіл еңсеріп жатыр. Өздеріңізге мәлім, шекаралас жатқан алып ел-Қытайда коронавирус қайта өршіп, халқы карантиндік шектеулерге қарсылық білдіріп, наразылық шерулер орын алуда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.