Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Көрісу-жыл басы

c 17:33, 14/03/2022 c 458

0:00 / 0:00

"Атамекен" өнер ордасында көрісу күніне арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды. Концерт басталмас бұрын облыс әкімі Ғали Есқалиев ақсақалдармен көрісті. Көрісу мейрамы -еліміздің батысында сақталған, ежелгі дәстүр. Бұрындары алты ай қыстан аман шыққан ағайын көптен көрмеген туыстарына арнайы барып қос қолдап амандасып, "Бір жасыңмен" деп есендескен. Көне дәстүр бүгінде еліміздің батысында жақсы сақталған.

Атадан балаға мирас болып қалған игі дәстүр бүгінде өз жалғасын тапты. Таң сәріден бастап жасы кішілер ақсақалдар мен ақжаулықты аналарға сәлем беріп, есендік сұрасып, "Бір жасыңмен" деген ақжарма тілектерін айтуда. Көненің көзіндей бұл дәстүр еліміздің батысында сақталған. Аталмыш мерекені Маңғыстаулық ағайын "Амал" мерекесі деп те атайды. Ақжайық өлкесінде мейрам "Көрісу күні" деген атаумен кеңінен тойланады.

Көрісу күнінің мән-мағынасы зор. Қыстан аман шыққан ағайын, тума-туыстарын іздеп, игі-жақсылардың амандығын біліп, есендік сұрайды. Бұл күні тігілген қазанда ас қайнап, көже қайнатылып, мәре-сәре болады. Ежелден келе жатқан дәстүр бүгінде өзгермей, қаз-қалпында сақталды деуге болады. Облыс басшысы өңірдің ақсақалдарымен көрісіп, амандық сұрасты.

Ақсақалдар кеңесінде сөз алған белгілі тарихшы Жайсаң Ақбай мерекенің маңыздылығына тоқталды.

Ақсақалдармен кездесу мерекелік концертке ұласты. Ақжайықтың өнерпаздары игі дәстүрді насихаттап, көрермен назарына театрландырылған қойылым ұсынды.

Театрландырылған қойылым барысында әншілер ән шырқап, бишілер мың бұрала биледі. Өнерпаздардың тартуы Ақжайық жұртшылығының көңілінен шыққандай. Ерекше форматта өткен концертті тамашалаушылардың көптігі соншалық, залда ине шаншар орын болмады.

Облыс тұрғындары наурыз мерекесін көрісу күнінен бастады. Енді сәуір айына дейін батысқазақстандықтар наурыз мерекесін тойламақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.