Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қоныс тойын тойлады

c 15:15, 29/06/2020 c 566

0:00 / 0:00

Бүгін облыс орталығында көпқабатты екі тұрғын үй ел игілігіне берілді. Осылайша  "Астана" күні қарсаңында 180 шаңырақ шаттыққа толы қоныс тойын тойлауда. «Нұрлы жер» мемлекеттік  тұрғын үй құрылысы  бағдарламасы аясында пайдалануға берілген тұрғынжай Зачаганск кентінде бой көтерген.Осылайша 180 отбасы мереке қарсаңында баспаналы болды. Бірлік көшесі,  90-пәтерлік  7-үй және  Бірлік көшесі, 90-пәтерлік 7/1-үйдің  кілттері  бүгінгідей қиын жағдайға қарамастан иелеріне табысталды.  «Нұрлы жер»  бағдарламасы аясында  тұрғын үй  конкурстық негізінде 50/50 қағидаты бойынша  бөлінген пәтердің  50 %  «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»  АҚ-ың  салымшылары мен  50 %  жергілікті атқарушы органда  тұрғын үйге  мұқтаждар  кезегіндегі  азаматтарға бөлінген. Бұл игі үрдіс әлі де жалғасын табады. Мемлекеттің мұндай қамқорлығын сезінген отбасылар бұдан асқан бақыт жоқ екенін айтады.45- пәтердің 29-пәтері «Мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар» санаты бойынша, 14-пәтері «Толық емес отбасылар»,  2-пәтері «1 және 2 топтағы мүгедектер» санаты бойынша бөлінген.Қос баспананың айналасы абаттандырылған. Су жаңа ауданда бой көтерген су жаңа үй иелерін түс ауа облыс әкімі Ғали Есқалиев құттықтады. Жыл соңына дейін тағы да  8  баспана пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.