Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қоныс той

c 16:19, 30/11/2020 c 792

0:00 / 0:00

Орал қаласында тұңғыш президент мерекесі қарсаңында 198 пәтерлік тұрғын үй табысталды. Осылайша бір мезетте 198 отбасы қоныс тойын тойлағалы жатыр. Пәтер кілтін алған жанұялардың 99-ы көпбалалы отбасылар. Қоныс той тақырыбын арна тілшісі жалғастырады.

Орал қаласында көп жылдан бері пәтер кезегінде тұрған отбасыларға арналған 198 пәтердің кілті табысталды. Аталмыш үй "Нұрлы жер" бағдарламасының арқасында салынған. Жаңа үйдің құрылысы өткен жылы басталып, биыл аяқталды. Салтанатты жиында сөз алған облыс әкімі баспана иелерін қуаныштарымен құттықтады.

Тұңғыш президент күні қарсаңында жаңа пәтердің иесі атанған жандардың бірі- Жанерке Төлеген. Бойжеткен 19 жыл бұрын пәтер кезегіне тұрған.

Жалпы БҚО пәтер кезегінде тұрған жандарға арналған баспана салу үшін қазынадан 17 млрд теңгедей қаражат бөлінбекші.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.