Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қоныс той

c 17:58, 05/02/2020 c 440

0:00 / 0:00

Бәйтерек ауданына қарасты Калинное ауылында 12 пәтерлік 2 үй пайданалуға берілді. Бұл үй халықтың әлеуметтік аз қамтылған тобына арналған.Аталмыш баспана мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында бой түзеді.

Қаланың іргесінде орналасқан Бәйтерек ауданына қарасты Калинное ауылында 24 пәтердің кілті табысталды. Аталмыш баспаналар "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының аясында құрылысы жүргізілген болатын. Бұл үшін қазынадан 207 млн теңгедей қаражат бөлінген.

Көп жылдан бері пәтер кезегінде тұрған жандарға облыс әкімі Ғали Есқалиев өз құттықтауын білдіріп, қуаныштарымен бөлісті.

12 пәтерлік 2 тұрғын үйдің құрылысы алты айға жалғасқан болатын. Көптен бері баспанасын армандап жүрген жандардың бірі көпбалалы ана - Әлия Әтшібаева Ол 2011 жылы баспана кезегіне тұрған. Бүгінде 5 баланың анасы пәтерім армандаған үйімнен де асып кетті,- дейді.

Қазіргі таңда Бәйтерек ауданы бойынша 562 азамат пәтер кезегінде тұр. Олардың 47-сі көпбалалы аналар. Өткен жылы аталмыш ауданда баспана кезінде тұрған аналарға арнап салынған 23 үй пайдалануға берілген болатын.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.