Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТ ЕЛБАСЫ ТУРАЛЫ ЗАҢНЫҢ КҮШІН ЖОЙДЫ

c 14:09, 12/01/2023 c 377

0:00 / 0:00

Конституциялық сот Парламент депутаттары тобының өтінішін қарап, "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы" Конституциялық заңының сақталуына құқықтық негіздер жоқ деп тану қажет, осыған байланысты оның күші жойылды деп танылуға жатады, - деген қаулысын шығарды. Осыған орай бүгін өткен Мәжілістің жалпы отырысында елбасы туралы заңның күшін жою бойынша бірлескен комиссия құрылды. Енді комиссиясның жұмыс қортындысы апта соңында өтетін парламенттің бірлескен отырысына шығарылмақ.

Өткен жылы реферндумда Ата заңға енгізілген өзгерістің бірі-елбасы туралы заңның күшін жою болатын. Осыған байланысты Мәжіліс тиісті заң жобасын жұмысқа алды. Қаңтардың 5 күні парламенттің депутаттық тобы Конституциялық сотқа жүгініп, "Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мәртебесі мен өкілеттігін реттейтін нормаларды алып тастауға байланысты " Тұңғыш Президенті- Елбасы туралы" Конституциялық заңның күші жойылды деп танылуға жата ма?" деген сұраққа жауап беруді сұрады. Тұңғыш президент деп отырғанымыз елді 30 жыл басқарған Нұрсұлтан Назарбаев екенін білесіздер. Конституциялық сот елбасы туралы заңның күшін жою туралы қаулы шығарды. Осыған орай парламент сенаты мен мәжілісінің бірлескен комиссиясын құрып, апта соңында өтетін қос палатаның отырысына комиссия қортындысы шығарылады деп күтілуде.

Осылайша Нұрсұлтан Назарбаев кезінде өзі жасап алған артықшылықтардан айырылады.

Сондай-ақ, экс-президент қылмыстық жауапкершілікке тартылуы да мүмкін.

Сондай-ақ, Парламент Мәжілісі осы айда мерзімінен бұрын таратылуы мүмкін. Бұл ақпаратты депутаттар жоққа шағарып жатқан жоқ. Тек қашан таратылатындарын білмейді. Мәжіліс депутаттары бастамашы болып өзін-өзі тарата ма, әлде Президент таратып жібере ме белгісіз. Дегенмен, жетінші шақырылым депутаттарының алдағы сайлаудан үміті зор.

Егер мәжіліс қаңтарда таратылатын болса, сайлау екі айдан кейін жарияланады. Жаңа мәжіліс жасақталғанша, Сенат заң шығару миссиясын атқарады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.