Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Көнеден келе жатырған сенім бойынша сәуірдің соңғы күндері ауа-райы беймәлім құбылыс танытып, көктем келгеніне қарамастан күн суып, тіпті қар жаууы да ықтимал. Оған себеп ғасырлар бойы ата-бабаларымыздың болжамы бойынша сәуірдің орта шамасында бесқон

c 00:00, 07/04/2015 c 810

0:00 / 0:00

Көнеден қалған аңызға сүйенетін болсақ, ертеректе сәуір айының орта шамасында бес адам жолға шығып, ізім ғайып болған. Сапарға шыққан жолаушылар ауа-райының кенеттен өзгеруінің салдарынан, боранның астында қалып, күннің суықтығынан мерт болған көрінеді. Содан бері, ырымға сәйкес бес қонақ сәуірдің 8-ші жұлдызында кіріп, 18-іде шығады. Казгидромет мамандарының мәлімдеуінше көп жылдық мәлеметтерге сүйене отыра, расыменде бұл он күнде ауа температурасы төмендеп, ызғарлы күндер көп болатындығын айтты. Ал ағымдағы жылы бес қонақ дәстүрден тайқымас па екен. Бұл туралы синоптиктер былай деді. Ал бесқонақ туралы қала тұрғындарының ойын білмек болғанымызда, кейбір адамдар тіптен оның не екенін білмейтіндерін айтса, енді бірі расымен де бұл ырымның жыл сайын орындалатындығына сенетіндерін жеткізді. Бұдан кейін қазақ халқы, дана халық дегенмен келіспеуге болмас. Өйткені бабаларымыз қалдырған сенімдер мен болжамдарының басым бөлігі біздің заманымызда да орындалып келеді. Сондықтан да ертеңнен бастап жылы киініп, жолға шығар алдында мұқият болу керектігін естен шығармағайсыздар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.