Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Емханаға тіркеу науқаны басталды

c 14:59, 09/09 c 26

0:00 / 0:00

Оралда емханаларға тіркеу науқаны басталды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында кез-келген тұрғын емдеу мекемесін таңдауға құқылы. Бірақ, мамандар емхананың үйдің қасында болғаны жақсы дегенді айтады.

Бұл-Зашаған кентінде орналасқан №6 емхана. Емдеу мекемесі 77 мыңнан астам тұрғынға медициналық қызмет көрсетеді. 2025 жылдың қаңтарынан бастап науқастардың саны тағы артпақ. Себебі емханаға тіркеу науқаны басталғалы жаңадан 200 адам медициналық ұйымға тіркеліпті.

Бүгінгі таңда 100 мыңнан астам батысқазақстандық МӘМС жүйесінде тіркелмеген. Бұл сандарды азайту мақсатында түрлі түсіндіру жұмыстары жүргізілгенімен нәтиже өзгеріссіз қалып отыр. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі 2017 жылдың шілдесінде іске қосылған-ды. 7 жылдың ішінде қорға 86 млрд 700 млн теңге ақша түскен.

БҚО-да 25 медициналық ұйым МӘМС жүйесі арқылы қызмет көрсетеді. Оның төртеуі жекеге тиесілі. МӘМС жүйесіне қатысты пікір әр алуан. Бірі- оның жұмысын даттаса, енді бірі -жақтайды.

МӘМС-ті сынайтындар көп.Тұрғындар жалақымыздан ақша ұстағанымен, сапалы медициналық көмек сол күйі қолжетімсіз деген пікірде. Биыл президент жүйеге өзгерістер енгізу керек деп пәрмен берді. Ал, тапсырманың қалай жүзеге асары уақыттың еншісінде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.