Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ОБЛЫСТА ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТҰРАҚТЫ

c 09:09, 13/09 c 23

0:00 / 0:00

БҚО - республикадағы экологиялық қауіпсіз аймақтың бірі саналады. Бұл статусты сақтап қалу мақсатында экология департаментінің мамандары 3 бағытта қызметін жүзеге асыруда. Жыл басынан 35 мемлекеттік экологиялық бақылау жүргізілген. Оның 17-сі жоспардан тыс тексеріс, 12-сі объектіге бару арқылы профилактикалық бақылау және 6 жағдайда біліктілік талаптарына сәйкестігі қаралыпты. Нәтижесінде 89 заң бұзушылық анықталып, жалпы сомасы 203 млн тг мөлшерінде 39-ына әкімшілік айыппұл салынған.

СЫРЫМ ТІЛЕГЕНОВ
БҚО БОЙЫНША ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Департаменттің жұмыс жоспарына сәйкес стихиялық күл-қоқыс үйінділерін жою жұмыстары жалғасуда. Жыл басында Үкіметтің кеңейтілген отырысында 1 тамызға дейін елдімекендер маңындағы заңсыз орналасқан үйінділерді жою тапсырылған-ды. Сырым Тілегеновтың айтуынша, ғарыштық мониторинг барысында қала және оған жақын орналасқан аудандарда 107 күл-қоқыс үйіндісі анықталыпты.

СЫРЫМ ТІЛЕГЕНОВ
БҚО БОЙЫНША ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Облыста «Таза Қазақстан» акциясы аясында 22 сәуірден бастап аумақтарды көгалдандыру, санитарлық тазалау және абаттандыру бойынша сенбіліктер өтуде. Оның аясында 74 мыңнан астам аула, 2 508 көпқабатты баспана, 72 мыңға жуық жеке тұрғын үй, 231 саябақ пен тынымбақ жиналған. Экологиялық акция жыл соңына дейін жалғасады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.