Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

МЕКТЕПГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАМАҚТАНУ ТӘРТІБІН БАҚЫЛАУ

c 14:25, 16/09 c 17

0:00 / 0:00

Қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қадағалауында жекеменшік білім ордаларын қоса алғанда 62 мектеп және 8 мектеп-интернат бар. 1-4 сынып оқушылары, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептердің оқушылары мен тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттары үшін тегін ыстық тамақ ұйымдастырылады. Білім беру объектілеріндегі тамақтану сапасына бағалауды бракераждық комиссия жүргізеді.

ГАУХАР ДҮЙСЕҒАЛИЕВА

ҚАЛАЛЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Биылғы оқу жылында шаһардағы №45 мектепте 1-4 сыныптың 246 оқушысы мен жекелеген санаттағы  85 оқушы тегін тамақпен қамтылады. Бұған жергілікті бюджеттен 23 млн 369 мың, жекелеген санаттағы балаларға 2 млн 257 мың тг, жалпыға бірдей білім беру қоры 10 млн тг-ден астам қаржы қарастырылған.

АЛИМА ТӨРЕҒАЛИЕВА

№45 ЖББМ ДИРЕКТОРЫ

Эпидемиолог мамандардың айтуынша, биыл білім беру ұйымдарында оқушылардың тамақтан улану фактілері тіркелмеген. Ал азаматтардан өтініш түскен жағдайда қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жеке қаралатын болады.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.