Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Көмек сұрайды

c 18:08, 11/03/2020 c 540

0:00 / 0:00

Сырқаты сирек кездесетін Бисенбайұлы Әділханның ата-анасы қазақстандықтардан көмек сұрайды. Он жастағы жеткіншектің сүйектері морт сынады. Осы кезге дейін Әділхан он сегіз мәрте ота жасатып, өмір үшін күресіп келеді. Көпбалалы отбасында тәрбиеленіп жатқан баланың сүйектері сынбас үшін наурыздың 25-сінде Нұр-сұлтан қаласына барып, үш күн система алуы керек. Ал, бұл екпенің құны 150 мың теңгені құрайды.

Бұл-он жасар Әділхан Бисенбайұлы. Баланың сүйектері шорт сынатын болғасын, дәрігерлер остеогенездің 3 түрі деп диагноз қойған. Осы дерттің кесірінен Әділхан өзге балалар секілді аулада асыр салып ойнап, мектепке өз аяғымен барып, тіпті өзіне қызмет көрсете алмайды. Оған үнемі ересектердің көмегі керек. Он жасқа дейін Әділхан он сегіз мәрте түрлі ота жасатып, өмір үшін күресіп келеді.

Дерті сирек кездесетін баланың ата-анасы ұлын емдету үшін ақылы клиникалардың қызметіне жүгінген. Олар екі жылдан бері астанадағы емдеу мекемелерінде тиісті ем-дом қабылдауда. Балаға ем қонып жатқанымен, қызмет ақылы түрде жүзеге асуда. Әрбір системаның құны 150 мың теңгені құрайды. Екі ай сайын Әділхан астанаға барып, екпе салдыруы керек. Көпбалалы отбасы бар табысын Әділханның еміне жұмсап отыр.

Сирек дертке шалдыққан баланың денсаулығы жайлы облыстық денсаулық сақтау саласының мамандарынан сұрадық. Дәрігерлер сирек кездесетін дәріні мәслихаттың шешімімен сатып алу үшін бюджеттен қаражат бөлінгенін айтады.

Сырқатына қарамастан Әділхан сабағын үйде оқып, білім алуда. Ол келешекте дертінен айығып, әнші болуды армандайды.

Қалаға қарасты Серебряков ауылында пәтер жалдап тұратын отбасы баласын емдету үшін жомарт жандардан көмек қолын созуды сұрайды. Көпбалалы жанұяға қол ұшын беремін деп ниет танытсаңыздар, Әділханның анасы Ләззат ханымға 8-775-657-77-32 нөмірі бойынша хабарласуға болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.