Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚОЛЖЕТІМСІЗ ЗЕЙНЕТАҚЫ

c 21:49, 04/12/2021 c 957

0:00 / 0:00

Зейнетақы жинағын алу шегі екі есеге артты. 2022 жылдан бастап, зейнетақы қорында қалуы тиіс қаржының жеткілікті шегі өзгеріп отыр. Бұл жайында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры хабарлап отыр. Енді 30 жастағылардың шотында қалуы тиіс соманың жеткілікті шегі 2 млн 500 мың теңге болса, жаңа жылдан бастап ол 4 млн 370 мың болады. Яғни қордағы жинақты алу шегі 2 миллионға асқақтап шыға келді. Бұл баспана жағдайны жақсартамын, денсалуғымызды түзеймін деп отырған көптеген қазақстандықтың мүмкіндігін жойып отыр дейді сарапшылар.
Жұманың таңында бұл жаңалық қазақстандықтардың ашуын тудырды. Зейнетақы қорындағы жинақтың бір бөлігін баспана мәселесін шешуге, денсаулығын түзеуге және қаржы компанияларының акциясын сатып алуға жаратып үлгергендер бар әрине. Алайда, халықтың басым бөлігінде зейнетақы жиынтығының шегі бойынша қаражаты жетпей тұрған болатын. Қорда қаржы жиналсын деп күтіп жүргендер енді бұл мүмкіндіктен қағылды. Себебі, 2022 жылдан бастап, зейнетақы қорында қалуы тиіс қаржының жеткілікті шегі өзгеріп, екі есеге артты. Мысалы, 30 жастағылардың шотында қалуы тиіс соманың жеткілікті шегі 2 млн 500 мың теңге болса, жаңа жылдан бастап ол 4 млн 370 мың болады. Яғни қордағы жинақты алу шегі 2 миллионға асқақтап шыға келді. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бұл үкіметтің қаулысымен бекітілген деп отыр. Осылайша , қазақстандықтардың зейнетақы қорындағы жинағын қолданамыз деген қуанышы көпке созылмады.

Таңнан бері БЖЗҚ сайты жұмыс істемей қалды. Жыл бойы қордағы жинағын шешуге асықпағандар бұл мүмкіндіктен айырылып отыр. Тіпті миллионға жуық айлық алатын министрлердің өзі санын соғып қалды.

Не керек,бұл үкіметтің жаңалдық тосын сыйы болды. Әлеуметтік желіде жарыса талқылап жатқандар зейнетақы қорындағы жинақтың бір бөлігін пайдалану байлар үшін жасалған әрекет деп жазуда. Ал жинақ шегінің шарықтап кетуіне не себеп? Зейнетақы қорының хабарлАуынша,, 2022 жылдан бастап әлеуметтік көрсеткіштер мөлшері ұлғайтылды. Ең төменгі жақаы көлемі 42 500 теңгеден 60 000 теңгеге дейін өсті. Сол себепті алдағы жылдан бастап ең төменгі жиынтық көлемінің мөлшері де көбейтілді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.