Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Көлеңкелі экономика

c 17:40, 13/09/2019 c 649

0:00 / 0:00

БҚО-да 8 айдың қорытындысы бойынша 98 мыңнан астам алкоголь өнімі тәркіленді. БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ағымдағы жылдың ішінде кәсіпкерлерге 93 тексеру іс-шараларын өткізіп, нәтижесінде 98 479 бөтелке алкоголь өнімінің заңсыз айналымын анықтаған. Өңірімізде кәсіпкерлерге жайлы жағдай жасалған сайын көлеңкелі бизнесті кәсіп ететіндердің қатары көбеюде. Бұл туралы облыстық кірістер департаментінің мамандары мәлімдеп отыр. Мәселен, өткен жылдың өзінде аталмыш департаменттің экономикалық тергеу қызметі жалған кәсіпкерлікпен айналысқан 23 мың фактіні анықтаған. Одан келген шығын көлемі де ауқымды.Алкоголь өнімінің заңсыз айналымы саласында жасалған қылмыстар экономикаға ғана емес, адамның денсаулығы мен өміріне де қауіп төндіреді.Осы құқық бұзушылықтардың қоғамдық қауіптілігін ескере отырып, оны жою бағыттындағы жұмыс жалғасуда, осыған байланысты кәсіпкерлік субъектілеріне заңсыз қызметті одан әрі жүзеге асыру немесе лицензия алу және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметті жүзеге асыру туралы ойлану қажет. Сонымен қатар, Департамент мұнай өнімдері мен темекі өнімдерінің заңсыз айналымы саласында да белсенді жұмыс жүргізуде, аталған кезеңде заңнаманы бұза отырып 20 160 қорап темекі және ілеспе құжатсыз 3 тонна мұнай өнімдері анықталды.
Осындай жағдайларға қарамастан, өткен жылы облыста бюджеттік түсімдер артығымен орындалды. Нақтырақ айтсақ, былтыр өңірдегі салық органдары қазынаға 293 млрд.887 млн.300 мың теңге түсірген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.