Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Көлденең көліктен кесір көп

c 17:53, 01/10/2018 c 999

0:00 / 0:00

Армениядан жеткізілген көліктер күн өткен сайын елімізде көбейіп келеді. Сарапшылардың айтуынша, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер арасында көлік сатып алу оңай болғанымен, кейін ол біраз әуреге түсіруі мүмкін.

Қазір түрлі сайттарда Армениядан жеткізілген 400-ге жуық көлік сатылымға қойылған. Мамандардың сөзіне қарағанда, шетелдік көлікті қайта сата алмайсыз, техникалық бақылаудан да өткізу қиынға түседі. Айтуларынша, көлікті сатып алушылар негізінен, Маңғыстау және Атырау мен Батыс Қазақстан облыстарында көп көрінеді,

Армения 2014 жылғы 29 мамырда «Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы» келісім жасап, Кедендік одаққа кірді. Келісімде Армения Республикасынан әкелінген және кедендік тазартылған автокөліктер құнының 10% мөлшеріндегі 2014 жылғы 10 қазаннан бастап 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыстағы жеңілдік мөлшерлемесі қарастырылған. Жеңілдік мөлшерлемесімен кедендік тазартылған бұл көліктерді қазір Армениядан басқа елдердің азаматтары қол жетімді бағамен сатып алуда.Тұрғындардың айтуынша бұл өте қолайлы екен.

Әрі қарай мыналар айқындалады. Армениядан әкелінген автокөліктерді тіркеген кезде, «армяндық» жеңілдік баж салығы мен қазақстандық төлемдер арасындағы айырманы төлеу қарастырылған. ҚР-да қолданылатын кеден төлемдері мен Арменияда 2014 жылғы 1 қазанға дейін әкелінген және кедендік тазартылған автомобильдерге Армения үшін қолданылатын жеңілдік мөлшерлемесі арасындағы айырманы төлеп қажет емес. Бұл туралы шарттың сол 30-тармағында айтылған.

Бүгінгі таңда тәртіп сақшыларының басты мәселесіне айналып отырған жәйт аталмыш шетелдік көліктерінің қатысуымен орын алып отырған жол көлік оқиғалары. Жыл басынан бері орын алған жол көлік оқиғаларының нәтижесінде 200 ге жуық көлік иелері орынынан бой тасаласа, іздестірудің нәтижесінде 80- і табылған.

"Армениядан әкелінген көлікті біраз айдауыңыз мүмкін. Бірақ бірнеше жайтты ескеру қажет. Еліміздегі тәртіп сақшылары көлікті тексергенде техникалық бақылауды талап етері сөзсіз. Ал сіз оны жыл сайын қайдан өтесіз? Ол жаққа барып-келудің өзі оңай емес. Екінші мәселе, ол көлікті мұнда сата алмайсыз. Ресейден келетін көліктер секілді сенімхат арқылы сатуға болады. Бірақ көлік алғашқы иесіне тиесілі болып қала береді. Сол себепті заңгерлер бүгінгі пайда ертеңгі шығын болуы мүмкін екенін айтады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.