Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қоқыс контейнерлері қолды болған...

c 13:03, 07/11/2018 c 860

0:00 / 0:00

Шаһарымызда  қоқыс қалдықтарын салатын контейнерлер жетіспейді. Жығылғанға жұдырық енді өзі кемшін контейнерлер ұрлана бастапты. Облыс орталығындағы  Деповская көшесінің бойындағы және  Семей көшесі мен Чкалов көшесінің қиылысындағы бірнеше қоқыс салғыш контейнері із-түссіз жоғалып кеткен. Бүгінде тұрғындар тұрмыстан шыққан күл қоқысты қайда жібереге білмей дал болуда. Уақыт өткен шаһар көлемі кеңейіп, жаңа аудандар бой көтеруде. Сәйкесінше тұрғындар саны да артып, шығатын тұрмыстық қалдықтар қатары  көбейуде. Жалпы Орал қаласы бойынша тұрмыстық қалдықтардың көлемі жылына 750 мың текше метрге дейін артып отыр. Ал қолды болған қоқыс контейнерлері туралы құзырлы мекмеме қызметкерлері былай дейді. Орал таза сервисте тұрмыстық қалдықтарды шығарумен шұғылданатын 40 техника болса оның 50 пайызы да жаңғыртуды талап етеді. Алайда бүгінгі таңда мекеме қызметкерлерінің басын тұрғындардан түсетін арыз шағымдарынан бөлек ұрлық мәселесі де қатырып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.