Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Көктемгі егіске 116 млрд теңге  бөлінеді

c 21:47, 30/03/2021 c 523

0:00 / 0:00

Биылғы көктемгі егіс  жұмыстарына мемлекет тарапынан 116,8 млрд теңге кредит қаржысы қарастырылып отыр. Бұл жайында Үкіметтің онлайн  отырысында ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты. Министр егіс науқаны жайында мәлімдеген еді. Дегенмен, мамандар биыл қуаңшылық болуы мүмкін деп отыр.

Үкіметтің ауыл шаруашылық саласын экономиканың драйверіне айналдыру жұмысы әлі де болса ақсап тұр. Кеңес дәуірінде  агроөнеркәсіп кешені жалпы ішкі өнімнің 26 пайызын құраса, қазір 5 пайызға әрең жетіп отыр. Тәуелсіздік алған отыз жылда ауыл шаруашылығында 18 министр ауысты. Бірақ бірде-бір министр ауыл шаурашылық саласын тиісті деңгейде дамыта алмады. Сала әлі де болса қолдауға мұқтаж. Жекенің қолында кеткен жерлерге ауылдағы отбасылық шағын шаруалар малын жая алмай отыр. Ал министрлік болса сол ірі компаниялардың мүддесін қорғау үшін мемлекеттен субсидия бөлуде. Биылғы көтемнің егіс жұмыстарына тағы да миллиардтар қарастырылған.

Министр Омаровтың сөзіне сенсек, шаруалар көктемгі егіс науқанына сақадай сай. Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев өз тарапынан шаруаларды жанар-жағар майға қарық қыламыз деп отыр. Әкімдер де есептерін судырата оқып, позитивті бннядама жасап шықты. Дегенмен, биыл қардың аз түсуінен, су тапшылығының орын алуынан қуаңшылық болуы мүмкін дейді мамандар.

Үкімет басшысы әкімдерге шаруаларды субисидиялау мәселесін созып алмауды ескерті.

Қазақстанда ауыл шаруашылығымен айналысатын фермерлер көп. Дамыған елдерден асып түседі. Алайда, отандық өніммен қамтуда кенже қалып отырмыз. Ауыл шаруашылық өнімдерінің 40 пайызы сырттан әкелінеді.  Ал жоғарыдағы мінберлерден шаруаларға миллиардаған сомаға субсидия беріп жатырмыз деген ұрандарды жиі естиміз. Алайда, ол қаржы ауылдағы шағын фермерлерге жетпей жатады.  Сарапшылар субсидия бөлгенше, барлық шаруаларға қолжетімді несие берген жөн дейді. Мал шаруашылығы қазақтың аса кәсібі екенін ескерсек, қаражат болса ауыл шаруашылығын тиіс деңгейге дамытар едік.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.