Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қоғамдық көлік қозғалысы қалыпқа келтірілді

c 17:01, 15/02/2022 c 545

0:00 / 0:00

Өткен аптадан бастап 35 нөмірлі қоғамдық көлік желісіне бірнеше су жаңа 10 автобус қосылды. Бұл туралы қалалық әкімдік өкілдері мәлімдеді. Осыған дейін қозғалыс интервалының ұзақтығына шағымданған тұрғындар мәселенің шешілгеніне дән риза.Өткен жылдың күзінен бастап 35-ші қоғамдық көліктің қозғалу маршрутына өзгерістер енгізілген еді. Оған негізгі себеп - түскен пайданың шығынды өтемеуі. Араға бірнеше ай салып, Жайық өзені жағалауынан 5-емхана аралығындағы 40-тан аса аялдамаға тоқтап, қатынас орнатып келген 35-ші автобустың жүрісі қайтадан қалыпқа келтірілді. Бірақ енді қала көшелерінде бұрыңғы ескі көліктердің орнына шағын автобустар жүретін болады. Қала тұрғындары да бұл өзгерістерге риза. Олар 35-ші маршрут автобусынсыз өз шағын аудандарына жету қиынға соққанын айтады. Қызметіне кіріскен автобустардың бұған дейінгілерге қарағанда көлемі ықшам, әрі жылы. Естеріңізге сала кетеміз, осыдан 10 күн бұрын екінші жұмысшы ауданы халқы қала әкімінің орынбасары Асхат Қөлбаевпен кездесіп, бұл бағыттағы қозғалысты қалыпқа келтіруді сұраған еді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.