Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Көгалдандыру жұмыстары қарқынды

c 16:16, 16/07/2020 c 677

0:00 / 0:00

Қаламыз бойынша көгалдандыру жұмыстары 5 жоспар бойынша жүзеге асады. Аталмыш жобалардың 4  «Жасұлан флора» мекемесі, ал қала көшелеріне бір жылдық және көп жылдық жасыл екпелерді отырғызу жобасын «Уланов» шаруа қожалығы ұтып алған. Жобадағы жоспарлар бойынша жасыл екпелерді отырғызу жұмыстары ағымдағы жылдың 4 мамырында басталған болатын. Бүгінде Ассамблея алаңы, Салтанат сарайы, Жайық самалы сынды жерлерге бір жылдық «шырайгүл, герань, цинерария, барқыт» және көп жылдық «роза» гүлдері отырғызылды.
Қалаға көрік беру мақсатында Мөңкеұлы тынымбағына 130 дана, Әзербайжан көшесіне 262 дана шырша егілді. Ал шаһардағы адамдар көп шоғырланатын демалыс орнының бірі Тұңғыш Президент алаңына жауапты мекеме бүгінде жұмыс жоспар бойынша орындалып жатырғанын жеткізді.
Облыс орталығындағы гүл егу жұмыстары шілде айының соңына дейін жалғасатын болады. Жалпы жоспар бойынша қаламызда 42000 жуық түп жасыл екпе егу жоспарланған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.