Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«КЛЕБАНОВ ЕКІБАСТҰЗ ЖЭО 1 ТЕҢГЕГЕ САТПАҚШЫ»

c 11:05, 01/12/2022 c 2000

0:00 / 0:00

Қазақстандық олигарх Александр Клебанов Екібастұз Жылу энергия орталығын 1 теңгеге сатпақшы. Бұл жайында мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров журналистерге берген сұхбатында айтты. Депутат Екібастұз қаласында Клебановпен кездесуде осындай дау туғанын айтады. Алайда, депутаттар олигарх шығынның бәрін өтеп барып, ғана меншігін мемлекетке қайтаруы керек дейді. Бұл мәселе қазір үкіметте талқыланып жатқаны мәлім.

150 мың тұрғыны бар Екібастұз қаласындағы қазандықтар істен шығып, халық жылусыз қалып, әбігерге түсті. Қаладағы жағдайды естіп құр жатпаған депутаттық топ Екібастұзға барып, жағдайды өз көзімен көріп қайтқан еді. Мәжілісмен Сайыров Екібастұзға сарапында «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС құрылтайшысы Александр Клебановпен кездесудегі жағдайды айтып берді. Өздеріңізге мәлім,қазір үкімет аталмыш ЖЭО мемлекетке қайтарып алу мәселесін қарастырып жатыр. Олигарх Клебановтың бұған басы ауырып тұрған жоқ. Себебі ол жылу энерго орталығын мемлекетке 1 теңгеге сататынын айтқан. Алайда Клебанов осы нысандарды мемлекетке қайтаратын болса, халыққа және мемлекетке келтірілген залалды өтеуі тиіс дейді депутат.

Мәжілісменнің мәліметінше, тек Екібастұзда ғана магистраль желілердің тозу дәрежесі 91 пайыз болып отыр. Сайыров энергетика кәсіпорындарына толық техникалық аудит жүргізу, сондай-ақ жылу энергиясы орталықтарының техникалық жағдайы үшін компания акционерлерінің заңды жауапкершілігін қарастыру қажет дейді. Екібастұзға сапарында тікелей эфирге шығып тұрып түкіріп жіберген депутат Ерлан Сайыров, халықтың несібесін жеген олигархтардың бетіне түкіруден аянар емес.

Қазақстанда 22 ЖЭО жекенің қолында, олардың 66 пайызы тозған. Бұлардың бәрі Кеңес дәуірінде салынған нысандар. Ал 30 жылда елде бірде бір жаңа ЖЭО бой көтермеді. Депутат үкіметтен стратегиялық нысандарды мемлекетке қайтару туралы шешім қабылданса, онда меншік иелерін мемлекетке келтірілген шығынды өтеуге міндеттеуді сұрады. Еске сала кетейік, 27 қарашада Екібастұз жылу энерго орталығында апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалған еді.Соңғы ақпараттарға сүйенсек, қалада жылу беру жұмыстары жандана бастады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.