Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Кинотеатрлар жұмысы жанданды

c 11:25, 10/05/2021 c 555

1-мамырдан бастап өңірдің кинотеатрлары "Ашық" бағдарламасы арқылы жұмыс жасауда. Аталмыш сала коронавирус пандемиясынан зардап шеккен бизнестің түрі еді. Қазір бұрынғыдай емес, кинотеатрларда сеанс пен қызметкерлердің саны қысқарған.

"Синема паркке" "Ашық" бағдарламасының тексерісінен өтіп, кино көруге келген тұрғындарды сөзге тарттық.

Кинотеатрлардың қызметкерлері қазіргі таңда кино көруге келетін жандардың қатары сирегенін айтады. Сол себепті бұрынғыдай таңнан түннің бір уағына дейін кино көрсетілімдер болмай, сеанстың саны едәуір қысқарған. Және мұндай қысқартуға қызметкерлердің өздері де ұшыраған.

Санитарлық талап бойынша кинозалдардың тек 20 пайызын ғана толтыруға болады.

Қазіргі таңда кинопрокатта шетелдік және Ресейлік туындылар көрерменге жол тартқан. Ересектер мен балаларға 10-нан астам кинотуындыны тамашалауға болады. "Синема парк" кинотеатрлары таңғы сағат оннан кешкі онға дейін жұмыс жасайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.