Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Кім кінәлі?

c 17:55, 02/07/2019 c 843

0:00 / 0:00

Оралдық "Батыс су арнасы" мекемесі құбыр өндіруші компанияның жұмысын сынға алды. Нақтырақ айтсақ, құбырлардың сапасыздығы салдарынан бірнеше мәрте апат  болып қала сусыз қалды дейді мекеме мамандары. Ал, құбырды өндіруші, «Amitech Astana» компаниясы бұл ақпаратты теріске шығарып отыр. Мәселен, Шолхов көшесі бойындағы кәріз коллекторынның құрылысына 3 компаниядан құбыр тасымалданған. Қазіргі уақытта сол үш компанияның біреуі ғана жұмыс жасайды. Ол -  Нұр-сұлтан қаласында орналасқан «Amitech Astana» компаниясы. Құбырдың сапасына күдік келтіріп отырған "Батыс су арнасы" қазір құбыр өндіруші мекемелермен келісіөзер жүргізуде. Бірақ «Amitech Astana» компаниясы өздері жасаған құбырдың сапасы жоғары екендіктерін айтып сендіреді. Тіпті апат болған күні-ақ, құбырдың сапасына сарпатама жасату туралы ұсыныс та жасадық, бірақ ешкім келіскен жоқ деген базыналарын айтады. Қала берді "Amitech Астана" басшылығы апат тек құбырда ғана емес, құбырларды жобалау, монтаждау немесе пайдалану кезінде қателер болуы мүмкін деп санайды. Ал, "Батыс су арнасының" мамандары Деркөл аумағында орын алған апаттағы құбыр Ақтөбеде жасалғанын айтады. Тәуелсіз сараптама құбырдағы апат құбырдың сапасыздығынан екендігін дәлелдеп берген. Ал, бір қызығы кезінде осы құбырларды өндірген компаниялар қазір нарықта жоқ. Ал, жауапты тұлғаларды анықтау, жауапқа тарту мәселесін кім жүргізеді, қай мекеме айналысады, әзірге жабық күйінде қалып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.