Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАРЫЗЫ ӨСІП ЖАТЫР»

c 11:45, 17/03/2023 c 107

0:00 / 0:00

Депутаттар елдің қарызы өсіп жатыр деп дабыл қақты. Қазақстанның жалпы сыртқы қарызы 160,9 млрд долларды құрайды.Сенаторлардың алдында келген үкімет мүшелеріне қояр сұрағы мен айтар сыны көп болды. Депутат Шәкәрім Бұқтұғұтов 2022 жылдың 1 қаңтарында мемлекеттік қарыз сомасы 21,9 трлн теңгені құрап, ал бір жылдан кейін бұл көрсеткіш 25,3 трлн теңгеге дейін өскенін айтады. Сенатордың пікірінше, мемлекеттің қарызы өсе берсе, 2050 жылы Жалпы ішкі өнімнің 45 пайызын құрайтын болады. Депутаттар елдің қарызы өсіп жатыр деп дабыл қақты. Қазақстанның жалпы сыртқы қарызы 160,9 млрд долларды құрайды.Сенаторлардың алдында келген үкімет мүшелеріне қояр сұрағы мен айтар сыны көп болды. Депутат Шәкәрім Бұқтұғұтов 2022 жылдың 1 қаңтарында мемлекеттік қарыз сомасы 21,9 трлн теңгені құрап, ал бір жылдан кейін бұл көрсеткіш 25,3 трлн теңгеге дейін өскенін айтады. Сенатордың пікірінше, мемлекеттің қарызы өсе берсе, 2050 жылы Жалпы ішкі өнімнің 45 пайызын құрайтын болады.

Сенаторлар еліміздің қарызы өсіп жатыр деп дабыл қақты. Қарызды өтеу қазынаға қымбатқа түсіп отыр. Экономистердің пікірінше, мемлекеттік қарыздың болуы қалыпты жағдай. Мысалы, несие алып, пайдасы мол бизнес ашуға болады. Тек бізде халықаралық займдарды тапшылықты қаржыландыруға алады.

ШӘКӘРІМ БҰҚТҰҒҰТОВ – ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ «2022 жылдың 1 қаңтарында мемлекеттік қарыз сомасы 21,9 трлн теңгені құрап, бір жылдан кейін бұл көрсеткіш 25,3 трлн теңгеге дейін өскен. Мемлекеттің қарызы өсе берсе, 2050 жылы Жалпы ішкі өнімнің 45 пайызын құрайтын болады»Ал бас қаржыгер Жамаубаевтың мәліметінше, қазір мемлекеттік қарыз жалпы ішкі өнімге шаққанда 32 пайыздан аспайды.

Ал мемлекеттік қарызды өтеу үшін жылда 900 млрд. теңге бөлінеді. Ал бұл қарыздың 90 пайызы шетел валютасында рәсімделгендіктен, қарыздың теңгеге шаққандағы құны да өсіп жатыр. Проблеманы шешу үшін, үкімет бюджет тапшлығын өсіреді. Бір қарызды жабу үшін екінші қарызды алады. Депутаттардың айтуынша, Қазақстан 2020 жылы Азиялық даму банкінен 1,5 млрд еуро қарыз алған.  Ал ол қарыз он жылдап  қазынадан өтеледі. Еліміздің бас банкирі болса, мемлеекттік қарыз көлемі соншалықты көп емес деп жұбатады. Жалпы Қазақстанның сыртқы қарызына келсек, сандар сайрап тұр. Ұлттық банк төрағасының мәліметінше, Қазақстанның сыртқы қарызы 160,9 млрд долларға жетті. Бұл еліміздің жалпы ішкі өнімінің 74 пайызын құрап отыр. Оның ішінде үкіметтің де, квазисекторың да қарызы бар

Ал Сенат төрағасы қарызды өсіре бермеген жөн деп отыр.

Еліміз қарыз болып отырған елдердің бірнешеуіне тоқталсақ. Қазақстан Нидерланд, Британия, Америка Құрама Штаттарына берешек. Бұдан бөлек Бермуд аралдарынан алған қарыз көлемі– 31,1 пйызға, халықаралық ұйымдардан алғаны – 17,3 пайызға, Ресей мен Франциядан алған қарызы 5,7 және 2, 6 процентке өскен.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.