Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАРСЫ САНКЦИЯ ЕНГІЗУ ҰСЫНЫЛДЫ

c 19:07, 02/03/2022 c 482

0:00 / 0:00

Британ Парламентінің мүшесі Маргерт Ходж Қазақстанға қарсы санкция енгізуді ұсынды. Шетелдік ақпарат құралдарының хабаралауынша, Маргарет Ходж Қазақстан мен Әзірбайжан елдері Ресейді қолдайды деп есептейді. Осыған байланысты осы елдерге санкция салу туралы бастама көтерген. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі осы мәлімдемеге байланысты Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Сыртқы істер министрлігіне шақырылды дейді сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев. Ол бұл жайында Мәжілістің дәлізінде берген сұқбатында айтты.

Антиресейлік санкциялардың салқыны Қазақстанға да тиіп жатыр. Шетелдік БАҚ –ң хабарлауынша, Ұлыбритания Праламентінің мүшесі Маргарет Ходж Қазақстан мен Әзірбайжанға қарсы санкцияларды да қарастыруды ұсынып, аталған мемлекеттер «Путинді қолдайды» деп мәлімдеген.Қазақстанның сыртқы істер министрлігі үшін бұл түсініксіз жағдай болып отыр. Ел дипломаттары Украина мен Ресей арасындағы

Сарапшылардың айтуынша, ресей мұнай-газ саласына қатысты шектеулер бойынша қауіп шынымен орын алмақ. 2021 жылы Қазақстанда өндірілген мұнайдың 78 пайызы Ресей арқылы экспортталды. Егер, Ресейге қарсы бұл әрекеттер орын алса, Қазақстан үшін ауыр соққы болмақ. Британдық депутаттың ұсыныс да алаңдатарлық жағдай. Еске сала кетейік, Маргарет Ходж қаңтар трагедиясы кезінде де Қазақстанға санкция салуды ұсынған еді. Сондай-ақ, Қазақстан Украина мен Ресей арасындағы қақтығысты шешу үшін келіссөздер өткізуге саяси алаң ұсынуға дайын.

ШАХРАТ НҰРЫШЕВ – ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ «Егер екі жаққа мұндай қолдау керек болса Қазақстан алаң ұсынуға дайын. Қазір екі ел арасында дербес аймақта келіссөздер жүріп жатыр. Дәл қазір бұл келіссөздерді басқа елде өткізу туралы мәселе тұрған жоқ»

Вице-министрдің айтуынша, Украинадағы 660 қазақстандықтан эвакуацияға өтініш түскен. Қазір украина аумағынан 450-ден астам адам шығарылды. Киевте, Львовта адамдар жиналып жатыр. Тағы шамамен 80 адам бүгін шекараны кесіп өтеді. Жүк көлігінің жүргізушілеріне қатысты мәселе де шешіліп жатыр –дейді ол.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.