Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қазақстандықтар 2025 жылы салық декларациясын тапсырады

c 18:10, 22/01/2020 c 289

Қазақстандықтар 2025 жылдан бастап мүлік пен кірістер декларациясын тапсырады. Биыл аталмыш жаңашылдық пилоттық жүйеде іске қосылған. Яғни, аталмыш есеп беру процессі 4жыл қатарынан біртіндеп жүзеге аспақ. 2021 жылы бірінші болып табысы мен мүлкін мемлекеттік қызметшілер, олардың жұбайлары тапсыра бастайды. Жобаның екінші кезеңі 2023 жылы жүзеге асады деп күтілуде. Бұл жылы білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт саласында жұмыстанатын мамандар иелігіндегі мүлкі мен кірісі бойынша есеп береді. Үшінші кезеңде кәсіпкерлер деклорация тапсырса, 2025 жылы барлық қазақстандықтар есеп береді. Сала мамандары жеке тұлғалардың кірісі мен мүлкі бойынша тапсыратын деклорациясы көлеңкелі экономикамен күресуге, елімізде салық мәдениетін қалыптастыруға көмектесетінін айтады. Бұл жүйе өркениетті елдерде қолданып жатқан көрінеді. Мәліметтердің баршасы құпия сақталмақ. кірісі мен мүлкін жасырған азаматтар қылмыстық, әкімшілік, жемқорлықпен күрес заңнамасы аясында жауапқа тартылмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.