Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДА САМОКАТТАРДЫҢ ЖЫЛДАМДЫҒЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНАДЫ

c 10:02, 29/05/2023 c 272

0:00 / 0:00

Электросамокаттарды жалға беретін компаниялар жолда және тротуарда жүретін бұл көліктің тиісті жылдамдығын қамтамасыз етуі керек. Бұл жайында ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха, жолдағы қауіпсіздік саласында жаңа технологияларды пайдалану тақырыбындағы форумда айтты. Өздеріңізге мәлім, бұған дейін Мәжіліс депутаттарының бастамасымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын қабылдағанды.

Ірі қалаларда элеткрсамокаттарға сұраныс артып тұр. Оны жалға алу да соншалықты қалтаны қақпайды. Қаланың кез-келген жеріне тезарада жету үшін электросамокаттар таптырмайтын көлік. Бүгінде бұл көлікті мектеп жасындағы баладан бастап үлкендерге дейін қолданады. Алайда, бұл көлік түрінен қауіп те жоқ емес. Электросамокатттардың басқаруымен жол үстіндегі апаттар арта бастады. Сол себепті депутаттар бастамашы болған арнайы заң бойынша енді осы электросамокаттарды пайдалану реттелетін болды. Жаңа ережеге сай электросамокаттарды 18 жасқа толғандар ғана пайдалана алады. Жолдың оң жағымен ғана жүруге рұқсат бар. Ал жоғары жылдамдықта тек велосипед жолдарында ғана жүре алады.

ИГОРЬ ЛЕПЕХА ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ « Бұл компаниялар жылдамдықты қадағалау техникалық тұрғыда реттелетінін сендіріп отыр. Егер самокат саябақ аумағына жақындаған кезде, оның жылдамдығы автоматты түрде бәсеңдейді. Алайда біз осы салада басқа да құрылғылар жекелей бақылағаны дұрыс деп санаймыз. Сондықтан сала мамандарынан цифрлық бағытта қосымша ұсыныстар күтіп отырмыз. Мәжілісте қабылданған құжат аясында электр самокаттар тротуарда және жаяу жүргіншілер жолағында жүре алады. Дегенмен, олардың жылдамдығы сағатына 6 километрден аспауы тиіс».

Онымен қоса, электросамокаттарды тізгіндегендердің арнайы бас киімі болуы керек. Жолда шлем кимеген электр самокат жүргізушілеріне айыппұл салынады.Қараңғы уақытта самокат жүргізушісі жарық беретін киімде болғаны жөн. Жүргізуші куәлігісіз самокатты басқара алмайды.

Мамандар мегаполис қалалар үшін электросамокаттар қажет деп санайды. Ендігі мәселе мұндай көліктердің жүретін жолын реттеу керек.

Ішкі істер министрлігінің дерегінше, 2022 жылы электросамокаттардың қатысуымен 41 жол-көлік оқиғасы орын алды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.