Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДА ГАЗ ТАҒЫ ҚЫМБАТТАЙ МА?

c 14:51, 27/03 c 75

0:00 / 0:00

Газ қоры бойынша Қазақстан әлемде 22 орында тұр. Ал ТМД елдері арасында үшінші орындамыз. Яғни Ресей мен Түркіменстаннан кейін. Елдің газ қоры 3,8 трлн кубаметрді құрайды. Бұл қор 100 жылға жетуі керек. Алайда, жер қойнауынан өндіріліп алынып жатқан көгілдір газдың басым бөлігі экспортқа кетіп жатыр. Сөйте тұра ел халқының жартысы газға қол жеткізе алмай, әлі күнге дейін көмір жағып отыр. Әрине елде газдандыру жұмысы басталды. Бірақ тым кеш қозғалған үкіметтің бұл жоспарын тездетуге қағазбастылық, жемқорлық, зауыттардағы апаттар, газ бағасының төмендігі кедергі болып отыр. Таяу жылдары Қазақстанның газ саласында дағдарыс орын алып, газды экспорттау тоқтап қалуы мүмкін. Үкіметтің бұл дағдарыстан шығу үшін нақты жоспары жоқ. Бір жолы -сұйытылған газдың бағасын көтеру деп санайды шенеуніктер. Энергетика министрлігі көктемде газ бағасы 5-7 теңгеге өсетінін соңғы кездері жиы айтып келді. Газдың қазіргі төмен бағасы өндіріске тежеу болып отыр. Себебі өндірушілер шығынға батып жатыр. Мұндай жағдайда ұлттық операторлар жұмысын жалғыстыра алмайды дейді еліміздің бас энергетигі.Егер осылай жалғаса беретін болса, 2025 жылы отандық газдың тапшылығы орын алады дейді Сәтқалиев.

АЛМАСАДАМ СӘТҚАЛИЕВ – ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ «Біз әу баста газ бағасының өсетінін болжағанбыз. 5-7 теңгеге қымбаттайды дедік. Жалпы ішкі нарықты қамтыду ойладық. ТШО-мен 20 мың тонна қосымша ішкі нарыққа бөлу туралы келіссөз жүргіздік. Ал сұйытылған газды экспортқа шығаруға тиым салдық. Бұл орайда, авто, теміржол желісі толық бақылауға алынады. Нарықтағы жағдайға қарай бағасын біртіндеп өсіреміз»

Осылайша газ тапшлығы болжанып отыр. Ішкі нарықтағы сұраныс қолжетімді газ ресурстарынан асып кетеді. Бұл жағдай жаңа ірі тұтынушылардың сұранысы өскендіктен орын алып отыр. Оған қоса ЖЭО газға өткізу мәселесі тағы бар. Елде газ тұтыну көлемі жыл сайны артып келеді. Алайда газ өндіру қарқыны бұл сұранысқа сай болмай отыр. Тәуелсіздік алған 30 жылдың ішінде газ кенорындарына барлау жұмыстарын жүргізілмеген. Елде «шикі» табиғи газ өндірудің жылдық көлемі 50 миллиард кубаметрден асады. Бұл ілеспе мұнай газы, оны өңдеуге қомақты инвестиция қажет. Өндірілетін газдың жартысы ғана тауарлық газға өңделеді - «шикі» газдың үштен бір бөлігі қабат қысымын ұстап тұру үшін қайтадан қабатқа айдалады, қалған 20% жер қойнауын пайдаланушылардың қажеттіліктеріне пайдаланылады немесе жағылады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.