Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДА ӘУЕ БИЛЕТІ НЕГЕ ҚЫМБАТ?

c 09:32, 31/05/2023 c 271

0:00 / 0:00

Елімізде әуе билеті өте қымбат. Жылдан –жылға әуеқатынасына сұраныс артып, жолаушылар саны көбейіп жатса да әуе билеті қымбаттамаса, арзандар емес. Оған не себеп? Бүгін өткен үкіметтің отырысында авиация мәселесі талқыланды. Премьер-министр Әлихан Смайылов әуе билеттерінің баға саясатын қайта қарауды тапсырды.Оның айтуынша, жолаушылар рейстердің кешігуі немесе мүлдем орындалмай қалуына байланысты да жиі шағымданады.

Елдегі әуе қатынасы да монополизацияланған. Авиакомпаниялардың саны санаулы. Бұл нарыққа кіру оңай емес. Себебі ірі компания нарықты басып алған. Сөйте тұра, әуе билеттері қымбат, жолаушылар тарапынна қызмет көрсетуге қатысты шағымдар көп. Ел ішінде бір қаладан екінші қалаға ұшу үшін билет құны басқа елге ұшқанмен тең. Үкімет басшысы отырыс барысында бірнеше мысалды келтірді. Смайыловтың айтуынша, биыл қаңтар-ақпан айларында Fly Arystan компаниясы Қостанай әуежайынан Астана мен Алматыға ұшуы тиіс рейстердің жартысына жуығын орындамаған. 25 ақпанда дәл осы әуе компаниясының жолаушылары "Астана-Шымкент" рейсінің 10 сағатқа кешігуіне байланысты жанжал шығарды. Ақыр аяғында, ол рейс мүлдем орындалмай қалды.Тізе берсек, мұндай деректер Скат компаниясына қатысты да жиі айтылады. Ал әуе компанияларының тарифтерінен төбе шашың тік тұрады.

Тіпті Смайылов Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қазіргі баға саясаты жолаушылардың мүддесіне емес, авиакомпаниялардың табысын арттыру үшін жұмыс істеп отыр деп санайды деді. Премьер әуе қатынасындағы баға саясатын қайта қарауды тапсырды.

Сондай-ақ, "Әуе кеңістігін пайдалану туралы" заңнан отын алымын қолдануды алып тасталатын болды. Өз кезегінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев азаматтық авиацияны дамытуға шкі нарықтағы авиаотынның тапшылығы және оның қымбаттылығы кедергі болып отыр деді. Салдарынан отандық әуежайлар транзиттік компанияларды тарту мен оларға қызмет көрсету бойынша көрші елдердің әуежайлары алдында бәсекеге қабілеттілігін жоғалтады. Бұл Қазақстанның транзиттік әлеуетіне теріс әсер етіп жатыр. Министр авиотынды көрші Ресейден әкелуге мәжбүрміз деді.

Өткен жылы авиаотын өндірісі – 648 мың тонна, тұтыну – 806 мың тоннаны, тапшылық 24% құрады. 158 мың тонна отын Ресейден импортталады. Сондай-ақ, елдегі авиацияның дамуына кедергі болып отырған тағы бір мәселе- жоғары білікті кадрлардың тапшылығы.Министр Қарабаев бүгінде бұл салада 20 мыңға жуық адам жұмыс істейді. 2025 жылға дейін қосымша кадрларға қажеттілік артады – жыл сайын 500-600 маман қажет дейді. Жиында әуежайлардың маңындағы жерлерді тұрғын үй құрылысына немесе бизнес нысандарына беріп, ретсіз пайдаланылып жатқаны туралы да айтылды. Үкімет басшысы осылай халықаралық стандарттар сақталмайды. Бұл ұшу қауіпсіздігіне әсер етіп отыр деп мәлімдеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.