Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қауіпсіздік басты назарда

c 15:38, 05/01/2020 c 573

0:00 / 0:00

Оралда Ұлттық ұлан жауынгерлері тапаншамен қаруланған жігітті ұстады.  Оқиға 3 қаңтар күні кешкі сағат 18:30 шамасында болған. Патруль басшысы, қатардағы Санжар Жәлел патруль жауынгерлері Ай Садықов және Ерсағын Болатовпен бірге Матросов және Громов көшелерінің қиылысында қара сөмке ұстаған күдікті ер адамды көріп бірден қауіпсіздік шараларына көшкен. «Жеке куәлік көрсетуді өтінген кезде қара сөмкелі адам аулаға қарай қаша жөнелген. Дегенмен ұландықтардың батыл әрі жылдам әрекетінің арқасында күдікті ұсталған.Оқиға орнына полицияның жедел тергеу тобы шақырылды. Ер адамды куәгерлердің көзінше тінтіген сәтте оның шалбарының қалтасынан «ОСА» маркалы травматикалық тапанша табылған. Күдікті полиция бөліміне жеткізілген. Оның не себепті қарумен жүргенін тергеу барысында анықталатын болады. Өткен жылы Оралда Ұлттық ұлан жауынгерлері 60-тан аса құқықбұзушылықтың алдын алыпты.Патруль басшысы, қатардағы Санжар Жәлел патруль жауынгерлері Ай Садықов және Ерсағын Болатов одан әрі отан алдындағы борышын өтеуге кірісіп кетті. Олар енді осы абыройлы қызметтері үшін ынталандырылуы мүмкін.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.