Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«Қауіпсіз жол» акциясы басталды

c 17:41, 23/08/2019 c 1193

0:00 / 0:00

Жолда жүргенде абай болыңыз. Қауіпсіздік - ортақ игілік. Аймақта жолда жүру ережесін сақтау және қауіпсіздік шараларының алдын алу мақсатында арнайы акция ұйымдастырылуда. Санаулы күннен соң жаңа оқу жылы басталады. Сол себепті жол сақшылары жолдағы қауіпсіздікке баса мән беру керек екенін айтады. Акция аясында ел ең көп жиналатын орындарға арнайы плакаттар ілініп, еріктілер мен жол патрулдік қызметкерлері көлік иелеріне үнқағаздар таратты. жүргізушілер түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, шопырларға сақтық шараларын ескертті. Жолаушылардың қауіпсіздігі мен жол-көлік апаттарын азайту үшін өткізіліп отырған науқан бірнеше күнге созылады. Қазір облыстық бағыттардағы тасжолдарда жұмыстар басталып кеткен. Тәртіп сақшылары ақырын жүріп, анық бас деген қағиданы қаперінен шығарған шопырлар қатары өте көп деп отыр. Көлік қатынасын реттеуге үлкен көңіл бөлініп, қаншама қаржы жұмсалғанымен жол бойындағы қауіпсіздік өзекті болып қалып тұр. Жалпы, Орал қаласында 7 айдан бері барлығы 86 жол апаты тіркелсе, салдарынан 121 адам жарақаттанып, 19-і қаза тапқан. Жолдағы кателік еш кешірілмейді. Сондықтан сақ болайық.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.