Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Кәсіподақ-тұрақтылық кепілі

c 16:46, 11/06/2018 c 862

0:00 / 0:00

Орал қаласында кәсіподақ күні тойланып өтті. Салтанатты шара Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театрының қабырғасында ұйымдастырылған еді. Жиында сөз алған жандар кәсіподақтың маңыздылығын атап, 113 жылда атқарылған жұмыстарды жіпке тізді.

Кәсіподақ ұйымдары еліміздің аумағында 113 жылдан бері қызмет жасап келеді. Негізгі мақсат - жұмысшы азаматтардың еңбегін қорғау. Бүгінгі таңда аталмыш кәсіподақтың құрамында 14 мыңнан астам батыс қазақстандық бар. Еліміздің аумағында 16 аумақтық одақ жұмыс жасайды. Олардың құрамына екі млн.нан астам азамат енеді.

Кәсіподақтың басты мұраты, негізгі мақсат-мүддесі - еңбек ұжымдарындағы тұрақтылықты сақтау, жалпы жұмысшы мен жұмыс берушінің арасындағы алтын көпір ретінде өз функциясын орындау. Елбасы да өз сөзінде, кәсіподақ тұрақтылықтың кепілі деп баға берген болатын. Салтанатты жиын барысында сөз алған азаматтар, жыл өткен сайын, жаһандану заманында кәсіподақ та өз жұмысын жетілдіріп, өзгертуі тиіс деген пікірде.

Қазақстандағы тұңғыш кәсіподақ ұйымы 1905 жылы Қарағандыдағы Успенск мыс кенішінде құрылған. Күні бүгінге дейін, еліміздің тұрақтылығы үшін қызмет жасап келе жатқан кәсіподақ өз жұмысының тексерісі барысында өндіріс ошақтарында 600-ден астам заң бұзушылықты анықтапты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.