Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қашқын әкелер қарызы

c 17:11, 12/06/2019 c 1024

0:00 / 0:00

Облыс бойынша алмент төлеуден жалтарып жүрген «қашқын әкелердің» жалпы қарызы 75 млн. теңгеден асып кеткен. Қазір жеке сот орындаушылары республикалық палатасының облыс бойынша филиалының қарауындағы істердің саны 8 мыңнан асқан. Қашқын әкелердің қарызын қайтарту оңай шаруа болмай тұр бұл күнде. Ер азаматтардың дені, ажырасқаннан кейін барлық жауапкершіліктен жалтарып шыға келеді. Көбі жұмыс істейді, алайда нақты жалақыларын жасырады. Сондықтан оларға борыштарын мәжбүрлеп төлетудің түрлі тетіктерін іске қосудамыз дейді сот орындаушылар. Тек биылғы жылдың өзінде мыңға жуық борышкердің облыс аумағынан шығуына тыйым салынып, мүлдем жауапкершіліктерін сезінбей жүрген 134 көкек әкеге іздеу жариаланған. "Ұрпағымның болашағы қалай болар-ау, дәм-тұзымыз жараспаса да, әкелік парызымды өтеуім керек" деген ойдан ада "қайырымсыз" әкелер мәселесімен күресуде мемлекет барынша жазаны қатаңдатуда. Жоқтан бар жасап, кешке дейін қаражат табудың қамымен жүр еңсесі түскен аналар. Бұның бәрін саралай келе жауапкершіліктен бас тартып, баласының болашағына алаңдамаған әкелердің салдарынан бейкүнә сәбилер ғана зардап шегетін есте шығармаса дейміз.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.