Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қариялар үйінде мерекелік кеш өтті

c 17:44, 01/10/2021 c 1699

0:00 / 0:00

Қариялар күніне арналған мерекелік концерт облыс орталығында орналасқан арнаулы қызмет алу орталығында өз жалғасын тапты. Қазіргі таңда әлеуметтік нысанда 500-ге жуық азамат қызмет алып отыр. Олардың 200-ден астамы қариялар.

Халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік шара Орал арнаулы қызмет көрсету орталығында өз жалғасын тапты. Өнерпаздар қариялардың көңіл-күйін көтеруге атсалысты.

Қазіргі таңда арнаулы қызмет көрсету орталығында 500-ге жуық азамат тұрады. Олардың 200-і егде жастағы жандар. Мекеме басшысы қызмет алушылардың барлық жағдайы жасалған. Олардың саулығын сақтап мен бос уақытын тиімді өткізу үшін барымызды саламыз дейді. Коронавирус пандемиясы қызмет көрсету орталығының қызметіне айтарлықтай өзгерістер енгізген.

Арнаулы қызмет көрсету орталығын паналаған жандардың бірі-Баймағамбет қария. Ол 2006 жылы Жалпақтал ауылда орналасқан қариялар үйіне келіпті. Кейін екі жылдан соң облыс орталығында орналасқан мекемеге ауысады. 4 баласын өсірген қария ешкімге өкпем жоқ, балаларыма салмақ салмау үшін осы мекемеге өзім келдім,- дейді. Кейіпкеріміз карантинге дейін балаларыма барып, немерелеріммен қауышып келетін едім. Қазір телефон арқылы жиі хабарласып тұрамын деп әңгімесін өрбітті.

Жетпістің бесеуіне келген ақсақал өзге замандастарын мерекемен құттықтап, кейінгі ұрпаққа өсиетін жеткізді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.