Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қардан көлік жасады

c 18:59, 11/01/2019 c 706

0:00 / 0:00

Өрт сөндірушілер адамдарды оттан қорғап, өрттерді сөндіріп қана қоймай қоғамдық жұмыстарға да белсене ат салысуда. Мәселен, Оралдың көркеюіне өз үлестерін қосуға тырысқан төтеншеліктер қардан көлік жасап тұрғындарға қуаныш сыйлауда.

Бұған - ZIL-131 AT-40 автокөлігі, дәлірек айтқанда қардан жасалған оның көшірмесі жарқын мысал бола алады. №1 апаттық құтқару бөлімі күзетінің мамандарының айтуынша, «қар көшкінін жасау» бастамашысы азаматтық қорғау кіші сержанты Әлішер Құттығалидың идеясы, оған бөлімшенің командирі Валерий Сидельников белсенді көмек көрсеткен.

Анатолий Старков, №1 МӨСБ қызметкері:
- Оны қалауды 31-желтоқсанда бастадық, ал сырлауды 2 күн өткеннен кейін ғана іске асырдық, себебі уақыт болмады.

Бастамаға №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшесінің басшылығы да көмектесіп, қардан жасалған туындының сырлануын ұйымдастырыпты.

Анатолий Старков, №1 МӨСБ қызметкері:
Әрбір адам жайлылық пен тазалықта өмір сүргісі келеді, ал оны біз өзіміз жасауымыз керек. Себебі абаттандыру - ортақ іс. Бұл әркімнің қолынан келетін іс. Біз қаламызды сүйеміз.

Бүгінде бұл жауынгерлік көлік тұрғындардың көңілінен шығып үлгерген. Өйткені әлеуемттік желілерде оның қасында түскен бейнелерін жариялаған суреттер күн санап көбейіп келеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.