Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қаратөбенің бес ауылы таза сумен жабдықталады

c 17:45, 07/06/2018 c 1192

0:00 / 0:00

БҚО Қаратөбе ауданында таза ауыз су мәселесі шешіліп келеді.Бұған дейін Қаратөбенің бес ауылы таза суды өзге елді-мекеннен тасып ішетін еді. Жылдар бойы таза ауыз судың тапшылығын сезінген тұрғындардың мәселесі "Ақ бұлақ" мемлекеттік бағдарламасының аясында өз шешімін таппақ. Шөптікөл ауылында 5 елді- мекенді ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында су құбырларының құрылысы басталған. Қаратөбе өңірінде кәсіп ашып, ісін дөңгелентіп, азаматтарды жұмыспен қамтып отырған жандардың саны жыл санап артып келеді. Мәселен, өткен жылы жұмысын бастаған мал сою бекеті 30 бас ірі қараға есептелген. Бүгінгі таңда, аталмыш мал сою бекетінде 10 адам жұмысқа қабылданып, отбасыларын асырып отыр.

Облыс әкімі Қаратөбе ауданына жасаған іс-сапарын аталмыш нысанның жұмысымен танысудан бастады. Аудан көлемінде жеке кәсібін ашып, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып, ел экономикасын жақсарту үшін жұмыстанып жатқан жандардың қарасы жыл санап артып келеді. Бұл, Орал- Ақтөбе тас жолында бой түзеген, автокемпик. Ғимараттың құрылысы өткен жылы басталған болатын.Тас жолдың бойында кәсіп ашып, жолаушыларды қабылдаймын деп ниеттеніп отырған кәсіпкер, ғимараттың іші толықтай жөнделді, енді азғантай жұмыстар аяқталғаннан кейін, барша жолаушыларды қабылдауға дайын боламыз,- дейді.

Аудан көлемінде кәсіпкерліктен бөлек, ауыл шаруашылығы да қанат жайып келеді. Мәселен, аталмыш қожалық өз жұмысын 2014 жылы бастап, бүгінде 260-тан астам ірі қара малын өсіріп отыр. Олардың ішінде 128-і герефорд болса, 78 бас қазақтың ақ сиыры. Қазіргі таңда, он адамды жұмыспен қамтып отырған жеке кәсіпкер етті мал шаруашылығында жұмыстанып жатыр.

Былтырғы жылы Қаратөбе ауылында ашылған мал сою бекеті бүгінде барлық қажетті құрал- жабдықтармен жабдықталып, күніне 30 бас ірі қара малды союға қауқарлы. Аталмыш іспен жұмыстанып жатқан кәсіпкерлер өнімді сату мәселесінде біраз қиындықтар туындайды деседі.

Елбасы қазақстандықтардың отыз пайызы бұқаралық спортпен шұғылдануы тиіс деп тапсырма жүктеген еді. Аталмыш тапсырмаға сәйкес, облыс орталығы мен аудандарда спортпен шұғылдану үшін кешендер бой түзеп жатыр. Бұл, Қаратөбе ауылында орналасқан фитнес клуб. Спорттық нысан ауыл тұрғындары үшін аптасына бес күн қызмет жасайды.

Қаратөбе ауданында орналасқан бес ауыл күні бүгінге дейін, таза ауызды тасымалдап тұтынып отыр. Ауыз судың тапшылығын жою мақсатында Шөптікөл ауылында су құбырларының құрылысы жүріп жатыр. Таза су денсаулық кепілі екені даусыз. Азаматтарды таза сумен қамтып, денсаулықтарын жақсарту үшін қолға алынған шара "Ақ бұлақ" бағдарламасының аясында іске асуда. Құрылыс жұмыстары өткен жылдың мамыр айында басталып, биылғы жылдың шілдесінде толықтай аяқталмақ. Жалпы су құбырының ұзындығы 124 шақырымды құрайды.

Ауданда түрлі жылдарда қызмет жасап, ауылдың гүлденуіне үлес қосқан ақсақалдар, ауданда атқарылып жатқан істерге оң баға берді.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.