Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«Тіршілік нәрінен тарықпауымыз тиіс»

c 17:58, 01/04/2021 c 451

Шаһар басшысының айтуынша, облыс орталығының солтүстік аймағының өсуі мен Ақжайық шағын ауданының құрылысы басталуына байланысты алдағы уақытта қаланың су тұтыну мөлшері 25 мың текше метрге дейін артқалы отыр. Бүгінгі таңда Оралдықтар тәулігіне 70 мың текше метр су пайдаланады. Оның 30 мың текше метрін Орал өзенінен, 28 600 текше метрін жерасты су көздерінен алады. Ал ауыз судың жеткіліксіз мөлшері - 11 400 текше метрді құрап отыр. Ол әсіресе жаз айларында байқалады. Суға тапшылықты жою мақсатында алдағы екі жылда жер асты су көздерінен қосымша алты ұңғыманы іске қосу көзделген.Бұдан бөлек 30 ұңғымасы бар Трекин ауылындағы жерасты су көзінен қосымша бес ұңғыма қазу үшін конкурс жарияланған. Ауыз суды уақытпен таратуға тағы бір себеп бар. Ол жер асты көзінен су айдайтын 18 ұңғымадағы ақаулардың салдарынан толық қуатында су сорылмауы. Негізі бұл жерден тәулігіне 65 мың текше метр су алыну керек болса, бүгінгі тәуліктік көрсеткіш 22 мың текше метрді ғана құрап отыр. Аталған 18 ұңғыманың екеуі өткен жылдың желтоқсан айында жөндеуден өткен. Қалған 16 ұңғыманы жөндеуге конкурс жарияланған. Бұл мақсатқа 116 миллон теңге қаражат бөлініпті. Переметный-Балаған аралығындағы су құбырларын жаңарту, екі су жинағышты жаңғырту, қосымша 15 су ұңғымасын қазу жұмыстары жүргізіледі.
Өткен жылдан бастап "Батыс су арнасы" қызметкерлерінен құрылған мониторингтік топ судың ысырапсыз жұмсалуының алдын алу бағытында жұмыс жүргізуде. Қалада 70 көлік жуу орыны болса, соның тек үшеуі ғана көлік жуған суды тазартып, қайта пайдаланатындығы анықталған. Жүргізілген тексерістен соң сегіз көлік жуу орнына су тазартқыш құрылғы қойылған. Қалған кәсіпкерлерге ескертулер берілген. Ауыз суды тиімді падалануды қадағалау бойынша 5206 жеке тұлға және 218 заңды тұлға тексерілген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.