0:00 / 0:00
Әкімдіктер көше тазалығы мен мерекелік шараларға қаражатты қамсыз шашып жатыр. жергілік атқарушы органдардың бюджет қаржысын жұмсауына қатысты дау тудыратын мәселе көп. Парламент Мәжілісінің депутаты Динара Зәкиева осыған қатысты бірінше мысалды келтіріп, әкімдердің қар тазалуға миллиондап емес, миллиардап ақша жұмсайтынын айтты. Депутат үкіметке сауал жолдап, негізсіз жұмсалып жатқан қаржыны бақылауды сұрады.Әкімдіктер көше тазалығы мен мерекелік шараларға қаражатты қамсыз шашып жатыр. жергілік атқарушы органдардың бюджет қаржысын жұмсауына қатысты дау тудыратын мәселе көп. Парламент Мәжілісінің депутаты Динара Зәкиева осыған қатысты бірінше мысалды келтіріп, әкімдердің қар тазалуға миллиондап емес, миллиардап ақша жұмсайтынын айтты. Депутат үкіметке сауал жолдап, негізсіз жұмсалып жатқан қаржыны бақылауды сұрады.
Жергілікті жерлерде әкімдер халықтың осал тобының қажетін қамтып, қордаланған проблемаларын шешуге келгенде бюджетте ақша жоқ деген сылтауды жиі айтады. Ал мерекелік шараларды өткізгенде немесе тазалық жұмыстарына миллиардтап ақша жұмсап жатыр дейді мәжіліс депутаты Динара Зәкиева. Жергілікті атқарушы органдардың бюджетін зерттеген депутаттың мынандай деректерді көріп төбе шашы тік тұрды. Мысалы, Шымкент қаласының әкімдігі 2020-2021 жылдары мерекелік шараларда көшені әрлендіруге және келген қонақтарды күтуге 3 млрд теңге жұмсаған. Ал осы уақытта дәл осындай шараға Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі 10 млн теңге жаратса, Жамбыл облысы бір тиын шығармай мерекенін сәнін келтірген. Яғни шығынсыз да атап өтуге болар еді дейді Зәкиева ханым. Кейбір әкімдіктер қар тазалауға келгенде қазына қаржысын аяусыз жұмсайды екен.
ДИНАРА ЗӘКИЕВА – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Ауылды мекендерде санитарлық қамтамсыз ету шарасына жұмсалған қаражат үлкен сұрақ тудырады. Атырау облысының әкімдігі қар тазалауға 2019-2021 жылдары бюджеттен 3 млрд 333 млн. теңге, БҚО – 327 млн. теңге жұмсаса. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі көше қарын тазалауға 3 жылға 50 млрд теңге бөлген. Күніне орташа алғанда 100 млн етңге жұмсалды. Бұл орайда әр үйдің ауласын кск тазалайтынын айта кеткен жөн».
Осылайша әкімдіктер халықтың салығын жұмсауға келгенде түк қымсынбайды. Ал бюджеттен бөлінген қыруар қаржының тиімді жұмсалуына бақылау жоқ.
ДИНАРА ЗӘКИЕВА – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Бұл орайда Нұр-Сұлтанмен климаты ұқсас Қостанай облысында қара тазалауға 3 жылға 4,8 млрд теңге жұмсалған. Сәйкесінше елорда әкімдігінен 10 есе аз шығын шығарған»
Депутаттар қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтан жергілікті атқарушы органдардың бюджетті жоспарлау және оны бағалау жұмысын қайта қарастыруды. Бюджет қаржысын маңызды деген әлеуметтік пролбемаларды шешуге жұмсауға басымдық беруді сұрады.