0:00 / 0:00
Соңғы күндері дүкен сөрелеріндегі қанттың бағасы шарықтап кетті. Кей өңірлерде сауда орындарында келушілер бар қантты таласып, сатып алып жатты. Қазақстанда қант қоры жоқ па? Әлде алып-сатарлардың әдейі жасап отырған әрекеті ме? Бұл сұрақтарды құзырлы министрлік басшыларына қойып көрген едік.
Ресей өзіне қарсы санкциялардың салдарынан қант экспортына тиым салып отыр. Ал Қазақстан қант шикізатының 60-70 пайызын Ресей мен Белоруссия елдерінен тасымалдайды. Қазақстанда қанттың 30-40 пайызы қызылшадан жасалады. Ал қалғаны құрғақ шикі қантынан өндіріледі. Шикізат сырттан әкелінетіндіктен оның бағасы өсіп жатыр дейді аулы шарушалықы министрі Қараршөкеев. Ендігі ел ішінде қант бағасы қымбаттап, бір өңірде 600 теңгені құраса, кей аймақтарда 800 теңгеге дейін жеткен деген ақпарат тез тарауда. Қазақстандықтар қант тапшылығы орын алады дегенді ести сала, дүкен сөрелерінде тұрған бар қантты таласып, сатып алып жатыр. Қазір қант тақырыбы әлеуметтік желідегі басты мәселеге айналды. Шыныменде елде қант қоры бітті ме? Әлде алып-сатарлардың доллар шарықтап жатқандағы жасап отырған қитұрқы әрекеті ме?- деген сауал туындайды.
Ал баға үшін жауапты сауда министрі елде қанттың үш айлық қоры бар дейді. Бақыт Сұлтанов жексенбі күні бірнеше сауда нысанына барып, қант бағасын көріп шығыпты. Министр баға құбылып тұрғанын мойындайды. Өзі барған сауда орындарында қанттың келісі 400 теңгеден 600 теңгеге дейін құбылып тұрғанын айтады. Министрдің баяндауынша, бағаны 15 пайыздан жоғары бағада ұстаған сауда нысандарына тиісті мониторинг жүргізілуде.
Дегенмен, ірі сауда орындары мен базарларда қанттың құны өсті. Тіпті, қант тапшылығы да орын алуда. Кейбір ақпарат көздерінің хабарлауынша, Шымкент қаласының базарларында қанттың келісі 600-760 теңгеден сатылып жатыр, оның өзі де сирек кездеседі.Саудагерлердің айтуынша, қантты тасымалдаушы компаниялар бағаны қымбаттатып жіберген. Үкіметтегілер болса негізгі азық-түлік тауарларымен толық көлемде қамтамасыз етілгенбіз. Қанттың да бағасы төмендейді, бекерге даурығудың қажеті жоқ деп сендіреді.
Өз кезегінде үкімет басшысы Әлихан Смайылов құзырлы органдар мен әкімдерге азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бағаны реттеуді, халықтың әлеуметтік осал топтарын адрестік қолдауға көшу үшін ұсыныстар дайындауды, бағаны тұрақтандыру әдістерін қолдануды тапсырды.