Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қалыпқа келтірілуде

c 17:13, 16/06/2020 c 332

0:00 / 0:00

Күні бүгін шаһарда 52 ашық спорт нысаны бар. Соның бірі - қала орталығындағы мына Street Workout алаңы. Бұл жер көше гимнастикасымен шұғылданушылардың сүйікті орны. Оралда бүгінде 52 спорт алаңы бар. Бейнебақылау бар жерде олардың жай-күйі жақсы болғанымен, көзден таса жердегі спорт инвентарьлары бұзақылардың қолынан зардап шегіп отыр. Бұл алаңдарды жаңғырту шаралары жоспарға сай жүргізілуде. Шілде айының соңына дейін 6 спорттық алаңның төсемдері жаңартылмақ. Тағы 10 алаң жөнделуі керек. Ол келесі жылдың еншісінде. Биыл облыс орталығында кем дегенде 10 спорт алаңын салу жоспарланған. Спорттық нысандармен қатар, балалардың 250-дей ойын алаңы бар. Олардың жай-күйі де жіті зерделеуді, жөндеуді қажет етеді.Қаладағы бүлінген спорт алаңдарына өткен жылы 20 миллион теңге бөлініп, 7 алаңның төсемі ауыстырылыпты, 30-ы жөнделген. Биыл да осынша көлемде қаржы қаралған. 6 алаңның жасанды көгалы резеңке түйіршіктерінен жасалған жабынға алмастырылмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.