Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қалың қар әбігерге салуда

c 17:54, 12/03/2019 c 453

0:00 / 0:00

Оралда қалың қар салдарынан тағы бір бес қабатты үйдің шатыры опырылып нәтижесінде төбеден аққан судың зардабын жоғары қабат тұрғындары көруде. Тұрғын үй инспекциясы мамандарының бұл орайда берген ақпарына сүйенсек, шатыры шыдас бермей жатырған баспаналардың 90 пайызы жөндеу уақытынан асып кеткендер көрінеді.Бұл Құрманғазы 106 мекенжайындағы 5 қабатты үй, шатырынның тіреулері бірнеше жерден шытынап, қалың қарды көтере алмай нәтижесінде опырылып кеткен. Аталмыш үй көп қабатты үйді «Нұр» пик күтіп қарайтындықтан мамандар демалыс күндері шатырға шығып жағдайға қанық болған.Жоғары қабаттағы бірнеше пәтерге бас сұқтық. Үй иелері су аққалы баспанасы жұпыны күйге түскенін айтып жыларман. Енді, үй иесі төбеден аққан су электр жарығына тиіп, жарылыс болама деп үрейлі.
Мамандардың айтуынша, Орал қаласындағы бүгінге дейін шатыры опырылған үйлердің барлығы да 40-50 жылдан бері жібі түзу жөндеу көрмеген. Бүгінге дейін шамамен көп қабатты 20 баспана төбесі сынған. Ал абаттандыру ережесіне сәйкес тасқынның алдын алу шарларына құлықсыздық танытқан 10 ПИК әкімшілік жауапкершілліке тартылыпты.
Еске сала кетеміз шатырдағы қар мен мұздықтарды тазалауға ПИК мен тұрғындардың өздері жауапты. Ал шатыр мен жеделсаты жөндеу шаралары да қос тараптың келесімі нәтижесінде жүзеге асатын жұмыстардың бірі.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.