Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қала көркі

c 16:46, 29/04/2020 c 507

0:00 / 0:00

Орал қаласы аумағында 56 алаң мен тынымбақ бар, олардың 43-і абаттандырылған. Ағымдағы жылы тынымбақтарды абаттандыру бойынша 2 жоба жүзеге асырылмақ. Сала мамандарының айтуынша, 5 гектар аумақты құрайтын жасыл желекті жол абаттандырылады. Шаһар көшелеріне биылдан бастап көпжылдық гүлдер отырғызылатын болады. Алдымен гүл отырғызылатын аумақтар белгіленіп қойған. Бүгінде мемлекеттік конкурс шешімі шығып, шаһар келебетін көріктендіру және гүлзарларды күтіп баптау жұмыстарымен шұғылданушы компания белгілі болған. Айта кету қажет, абаттандыру жұмыстарын 3 жыл бойы бір мекеме жүргізетін болады.Сонымен қатар орталық Абай алаңы мен Жеңіс алаңын жаңғырту жұмыстарына 85 млн. теңге қаржы қарастырылған. Жобалар бойынша көгалдандыру, жарықтандыру, сонымен қатар, кіші сәулет формаларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Орталық Абай алаңында кеспе төсем тастарды ауыстыру шаралары аяқталуға жақын. Ал ескі материалдар 1-ші мектептің аумағына қайта төселетін болады. Орал қаласында биыл бірнеше жаңа жоба жүзеге аспақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.