Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАЙРАТ САТЫБАЛДЫҒА ҚАТЫСТЫ ТАҒЫ ТЕРГЕУ ЖҮРІП ЖАТЫР

c 20:32, 23/11/2023 c 72

0:00 / 0:00

Еске сала кетейік экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды алты жылға сотталды. Сатыбалдыға және басқа да тұлғаларға қатысты «Қазақтелеком» АҚ мен «Көліктік сервис орталығы» АҚ қаражатын аса ірі көлемде ұрлауды деген айып тағылды. Осылайша 12 миллиард теңге шығын келтірген. «Forbes»-ң мәліметтеріне сүйенсек, 2018 жылы Қайрат Сатыбалды Қазақстанның ең ықпалды 50 бай кәсіпкерінің қатарында болды. Сол уақытта оның байлығы 163 миллион долларға бағаланған. Сатыбалдының «Alatau Capital Invest» арқылы «Қазақтелеком» АҚ-да үлесі бар. Бұдан бөлек, оның «Әмір LTD» компаниясы, бірнеше корпорациясы, агрария саласында да компаниялары бар. «Kaspi Bank» АҚ-да үлесі болған. Бірақ 2018 жылы банктегі үлесін 466 миллион долларға сатқан. «Forbes»-тағы мәліметте 2018 жылы «Қазақтелеком» АҚ компаниясының 25 пайыз акциясы Люксембургте тіркелген «Skyline Investment Company S.A.» офшор компаниясына өткен. Кейіннен бұл компанияның жалғыз иесі Қайрат Сатыбалды екені белгілі болады. Жалпы активі 266 миллион долларға бағаланған. Енді басына іс түскен Сатыбалды байлығының бір бөлігін мемлекетке қайтаруға мәжбүр болды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі Қайрат Сатыбалды сырттағы 300 млн доллар активін елге қайтарғанын мәлімдегенді. Сатыбалды активтерін мемлекетке қайтарғандардың тізімін бастап тұр. Қазір оған қатысты тағы екі эпизод бойынша тергеу жүріп жатыр.

 АРМАН ТІЛЕУКЕНОВ – ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ "Заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтарған адамдардың тізімін жасырмаймыз, олар туралы бірнеше рет айтқан болатынбыз. Бірақ осындай басты тұлғалардың бірі Қайрат Сатыбалды екенін айтқым келеді. Ол сот үкімі бойынша, алты жылға колонияға қамалды. Бүгінде тағы екі эпизод бойынша тергеу жүріп жатыр»

Ал сыртқа заңсыз кеткен капиталды қайтару бойынша жұмыстар жалғасуда. Өткен жылдан бастап Қазақстанға 857 млрд теңгенің активтері қайтарылды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.