Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қайғылы жағдай

c 17:46, 10/06/2020 c 534

0:00 / 0:00

Су астында қалған дене мүшелері шығарылмағандықтан 4 күннен бері марқұмның денесі жер қойынына тапсырылмай отыр. Төтеншеліктер болса күндіз-түні іздеу шараларымен шұғылданып жатырғанымен нәтижеге жете алмай отыр. Оның себебін олар өзен астындағы құрылыс қалдықтарының көптігімен және су айдынының ластығымен байланыстырып отыр. Естеріңізге сала кетеміз, қайғылы оқиға 6 маусым күні сағат 22.15-те Шаған өзенінде орын алды. Селекционный ауылына қарай, «Достық» саяжай қоғамы маңындағы шойын көпір тұсында белгісіз біреу моторлы қайықпен суға шомылып жүрген 1979 жылғы әйелді қағып кеткен болатын. Әйел алған жарақаттары салдарынан қайтыс болды. Марқұмның көршілері оның соңында 20 жасар ұлының қалғанын және оның спортшы екенін, өзі көрген жарығында жайлы адам болғанын айтып еске алды.Қазіргі кезде ҚР ҚК 344-бабы 2-бөлігіне сәйкес (өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.