Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Із-түзсіз жоғалған 3 баланың анасы Иралия Камышева аман-есен табылды

c 17:41, 09/10/2018 c 759

0:00 / 0:00

Орал қаласында бір айы бұрын із-түзсіз жоғалған 3 баланың анасы Иралия Камышева аман-есен табылды. Полиция қызметкерлері оны Ақжайық ауданындағы шалғай жатқан шаруа қожалықтардың бірінен тауып, қалаға жеткізді. 38 жасар әйел үйінен өз еркімен азаматтық некедегі күйеуінің қыспағынан қашып кеткенін мәлімдеп отыр. Ал күйеуі Дмитрий Молчанов Иралияға емделу қажетін және балалардың оны сағынғанын айтып, үйге оралуын тағатсыздана күтуде.

Бірақ Иралия үйіне асығар емес. Әлі күнге балалары мен күйеуі әйелді көрмеген. 38 жастағы азаматша 13-қыркүйек күні үйінен шығып кеткенен із-түзсіз жоғалған болатын. 3 баланың анасын ұзақ күткен отбасы полицияға тек 25-қыркүйекте ғана арыз жазып, іздеу жариялады. 1 айға жуық уақыт аттылы взвод пен өзге де жасақ күшімен іздеу нәтижесінде Иралия Ақжайық ауданына қарасты мал бағатын шалғай орынан табылып, қалаға жеткізілді.

Иралия Камышеваның күйеуі Дмитрий Молчанов өзін ішкі істер басқармасына шақырғаны, бірақ әйелімен кездестірмегенін айтады. Тәртіп сақшылары азаматшаны учаскелік полиция үйіне жеткізетінін мәлімдепті. Табылғанымен үйіне оралмаған әйел ішкі істер органына күйеуінен таяқ жеймін деп қорқатынын және бірнеше рет соққыға жыққанын айтқан болатын. Қазіргі кезде екі кішкентай қыздың тәрбиесімен Иралияның енесі айналысып отыр. Келініне өкпелі болғанымен үйге қайтса деп тілейді. Ал балалар үшін аналарының орны қашан да ерек. Оралар сәтін тағатсыздана күтуде. Иралия Камышеваны полиция үйіне босатып жіберген. Бірақ отбасы бір айдан астам уақыт көрмеген отанасының қайда жүргенін әлі түсінбей отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.