Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Іскер әйелдер бас қосты

c 15:47, 25/02/2020 c 534

0:00 / 0:00

БҚО кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған іскер әйелдер кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Өңірдегі әйелдер кәсіпкерлігінің өзекті мәселелері және оларды шешу жолдарын талқылау мен түсіндіруді мақсат еткен жиынға облыстық, қалалық және аудандық әйелдер кеңестерінің жетекшілері мен белсенді мүшелері қатысты.Облыста 114 мың кәсіпкерлік субьектісі болса, олардың 31 мыңын әйелдер тізгіндеп отыр. Бизнестерін бастау барысында көлденең кездесін проблемалармен күресудің әдіс- тәсілдерін анықтауға арналған басқосуға 30-ға жуық іскер әйел қатысты. Олар кәсіпкерлік саласында жемісін беріп отырған түрлі мемлекеттік бағдарламалар туралы сөз қозғады. Бөкейордасы ауданынын келген Назымгүл шеберлігін шыңдау жолында «Нәзік» деп аталатын ательесін ашқан. Бүгінде өзінен бөлек екі адамды жұмыспен қамтып отыр. Әсіресе шалғай аудандарда жеңіл өнеркәсіп саласын дамытуға жағдай бар дейді кәсіпкер. Басқосуда дайын өнімдерді сату, өткізу және шикізаттарға қол жеткізу мәселелері көтерілді. Жас кәсіпкерлерге жол көрсеткен бизнес иелері өз тәжірибелерімен бөлісті. Олар облыс орталығындағы бірқатар нысандарда болып, банк қызметкерлерінен кеңес алды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.