Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ісіне жаупсыз ПИК

c 17:08, 03/02/2020 c 455

0:00 / 0:00

«Коммунальник», «Центр» және «Жұлдыз- Алға» ПИК өз жұмыстарына салғырттық танытуда. Атап айтсақ қаланы абаттандыру ережелеріне сай келмейтін жарнамалар мен қатты тұрмыстық қалдықтар үй маңында жинаусыз жатыр. Осы орайда қалалық ТҮКШ және Тұрғын үй инспекциясының мамандары жауапсыз ПИК жұмыстарын сынға алып ескерту шараларын тағы да жасады.Бұл - Құрманғазы 163 мекенжайындағы көп қабатты баспана ауласы. Өздеріңіз көріп тұрғандай құрылыс материалдарының қалдықтары жиналмай, үйдің сыртында ілінген жарнамалар тазаланбаған. Осы орайда тазалық жұмыстарын ұйымдастыру ПИК міндетіне кіреді.Бірақ олар өз міндеттерін толық орындамай отыр. Мониторингтік топ өкілдерінің айтуынша Құрманғазы 150 мекенжайындағы құрылыс қалдықтарының тұрғанына екі айдан астам уақыт болған. Жоғарыдағы қос мекенжай «Центр» ПИК қарауына тиесілі тұрғынжайлар болып табылады. Осы орайда аталмыш ПИК төрағасы өз істеріне шаң жуытпай әлек.Ал айналаның тазалық шараларына келгенде ПИК төрағасы мүдіріп қалды. Тұрғындар да осы істе қапалы. Орал қаласы бойынша бүгінде 107 ПИК болса олардың 10 шақтысы мәселелі болып отыр. Бұл жолы ескерту шараларымен шектелген мониторингтік топ іс нәтижесін бермесе полицейлер арқылы әкімшілік хаттама толтыруға мәжбүр боламыз дейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.