Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Инвесторлар кеңесі

c 16:36, 06/05/2020 c 459

0:00 / 0:00

БҚО әкімдігінде өңірлік инвесторлар кеңесі өтті. Жиын қазіргі жағдайға байланысты онлайн форматта ұйымдастырылған болатын. Кеңес қатысушылары халықаралық көлік-логистикалық орталық, жұмыртқаларға арналған лотоктарды жасайтын жоба мен жеке мектептің құрылысы және жартылай прицептерді жасайтын техниканың құрылысы бойынша жобаларды мақұлдады.

Онлайн форматта өткен инвесторлар кеңесінде кәсіпкерлер бірнеше жобаны таныстырды. Алғашқы жоба халықаралық көлік-логистикаға арналған. Компания өкілдері қуатты көлік-логистикалық орталық ашуды жоспарлап отыр. Өкілдер оның құны 6,7 млрд теңгені құрайды. Осы жоба қолға алынса, көрші Атырау мен Ақтөбе облыстарын қамтып, кәсіпті дөңгелентуге болатынын айтады. Орталық салу үшін 12 гектар жер керек. Жоба жоспар бойынша 2022 жылы іске қосылады.

Кеңес мүшелеріне ұсынылған тағы бір жоба ол қағаз бен картоннан жасалған жұмыртқаларды қаптауға арналған лотоктарды жасауға арналған. Мамандар мұндай өндіріс ошағы Батыста жоқ,- дейді. Ең жақыны Павлодарда орналасқан.

Сондай-ақ, кеңес мүшелері жартылай прицеп жасайтын жоба мен жеке мектептің құрылысы баяндалған қос жобаны мақұлдады. Аталмыш жобалардың барлығы іске қосылатын болса, жаңадан жұмыс орындары ашылып, өңір экономикасына өз септігін тигізбек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.