Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Инватакси қызметінде мобильді қосымша

c 17:58, 09/09/2019 c 539

0:00 / 0:00

Жуырда инваткси қызметінің сапасын арттыру мақсатында мобильді қосымша пайда болады. Бұл туралы Орал қаласының жұмыспен қамту жане әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ерлан Ғалиев мәлімедеді. Енді смартфон арқылы аталған қызмет түріне тапсырыс беріп, жұмыс сапасына баға бере аласыз."Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы негізінде жүзеге асатын бұл мобильді қосымша әлеуметтің осал тобы үшін арнайы дайындалды десе-де болады. Мүмкіндігі шектеулі жандардың қажетті жеріне қатынасу шараларын атқаратын тасымалдаушы мекеме қызметіне жүгінуші халық, бүгінге дейін бірқатар кедергілерге тап болғаны жасырын емес. Мәселен, тапсырыс беру, кезек күту секілді мәселелер енді жаңа мобильді жүйе арқылы шешімін таппақ. Үйде отырып-ақ, қалта телефоны арқылы такси қызметіне жүгініп, қажет жағдайда жұмыс сапасын бағалауға да мүмкіндік жасалған. Мобильді қосымша қызметінің таныстырылымы алдағы демалыс күндеріне жоспарланып отыр. Бүгінде бас шаһарда бұл шаралармен 4 мекеме шұғылданады. 23 көлік аталған жұмыстарға тартылған. Мобильді қосымша енді ғана жүзеге асатын болғандықтан, жетілдіру және жұмыс сапасын арттыру жолында бірқатар шаралар  жоспарға сәйкес орындалатын болады. Яғни, қызмет алушылар пікіріне құлық түріліп, өмір сапасын арттыру жолындағы шаралар кезең-кезеңімен жүзеге аспақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.