Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ИМПОРТПЕН КЕЛГЕН ТАУАР ТҮРЛЕРІ АРЗАНДАУЫ МҮМКІН

c 09:28, 04/03/2023 c 196

0:00 / 0:00

Елімізге сырттан келіп жатқан тауар түрлеріне баға төмендеуі мүмкін. Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев АҚШ долларының теңгеге қатысты бағамы төмендеуіне орай импорт арқылы келетін тауарлар арзандайды деді. Бұл жайында ол тілшілерге берген сұқбатында айтты.

Қазақстандықтардың күнделікті азық-түлік бағасының қымбаттағанына еті үйрене бастады. Киім-кешек, қызмет көресту түрлерінің де құны қалыс қалмай шарықтап жатыр. Алайда, доллар бағамында өзгеріс байқалды. Қазақстанда бір доллар бағамы 435 теңгені құрап отыр. Доллардың арзандауы бағаның төмендеуіне әсер ете ме? Вице-премьер импортпен келіп жатқан атура түрлері арзандауы мүмкін деп жұбатты.

ЕРҰЛАН ЖАМАУБАЕВ – ҚР ПРЕМЬЕР- МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ, ҚАРЖЫ МИНИСТРІ «Баға төмендейді деп санаймын. Себебі доллар бағамы өскен кезде, импорт арқылы келетін тауарлардың құны көтеріледі. Ал доллар бағамының төмендеуін ескере отырып, импорт тауарлардың бағасы біртіндеп түседі»

Жамаубаевтың айтуынша, экономикада инфляция да біртіндеп төмендейді. Жылдың басында инфляцияның 20 пайыдық жоғары деңгейі байқалып отыр. 2-3 айдан кейін бұл көрсеткіш төмендейді. Парламентке ұсынылған нақтыланған бюджетте үкімет инфляция деңгейін 7,5-9,5 пайыз шамасында белгілеген. Осылайша, бас қаржыгер елімізде тауар бағасы түседі деп сендіреді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.