Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ИЛОН МАСКТЫҢ ИНТЕРНЕТІНЕ РҰҚСАТ БЕРІЛУІ МҮМКІН

c 19:47, 22/11/2023 c 86

0:00 / 0:00

Америкалық кәсіпкер Илон Масктің компаниясы ұсынып отырған спутник арқылы тарайтын Starlink интернетін әлемнің көп елі пайдалануда. Кейбір ақпарат көздерінде 32 ел осы интернетті қолданысқа енгізген. Starlink – ірі қалалардан шалғайдағы елдімекендерді, теңізде жүзіп жүрген кемелерді интернет байланысымен қамтамасыз етіп, автократиялық режимдерде цензурасыз ақпарат таратуға мүмкіндік беретін ғаламдық жүйе. Ал бұл желіге қосылу үшін станциялар, үй және жұмыс терминалдары қажет. Еліміздің цифрлық даму министрлігі бұған дейін Илонс Масктың интернетіне осы жылдың төртінші тоқсанында қосылуымыз мүмкін деп хабарлағанды. Алайда, бұл шаруа келесі жылдың еншісінде қалмақ. Министр Мусиннің айтуынша, 2024 жылы Starlink интернетіне қосылуға мүмкіндік туады. 10 ауылдық мектепті пилотты жоба ретінде қарастымақ.

БАҒДАТ МУСИН – ҚР ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ МИНИСТРІ «Біз қазір Starlink компаниясымен пилоттық жобаны жүзеге асырып жатырмыз. Қазір осы жоба арқылы 10 ауылдық мектепті қосамыз, жарты жылда 2 мың мектепті қосуды жоспарлап отырмыз. Яғни интернеті өте әлсіз, білім беру жүйесін жаңғыртуға жарамайтын секундына 4 мегабит мектептерді таңдаймыз. Заңнамалық шектеулер шынымен де бар және бұл шектеулер тек Қазақстанда ғана емес, қазір барлық елдер байланыс саласын реттейтін заңнаманы қайта қарауда.

Біз келесі жылы осы жағдайды реттеуді жоспарлап отырмыз. Бірінші немесе екінші жартыжылдықта деп нақты айта алмаймын, өйткені бәрі Парламент Мәжілісіне байланысты. Егер Мәжіліс қолдаса, қабылданады»

Жалпы министрлік 250 жуық ауылға кең жолақты интернет тартуды жоспарлап отырғаны мәлім. Өкінішке орай, қазақстандықтар ауылда айтпағанда қаладағы интернет, ұялы байланыс сапасына жиі шағымданады. Ал цифрлық даму министрінде мұндай проблема сирек орын алады екен.

Әрине министр хабарласып тұрғанда ұялы байланыстағы ақаулар бірден жойылады. Ал қарапайым тұтынушы сапасы сын көтермейтін интернет пен байланысқа шағымданып ғана, шектелуге мәжбүр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.